Шеберлер сайысы

 

2020 жылдың 19 және 20 қарашасында «АлЭС» АҚ үздік газ кесушілерінің шеберліктері мен білімдерін, тәжірибелерін тамашаладық. Кәсіби шеберлік конкурсын өткізу дәстүрге айналды. Газ кескіштердің жарысы компанияда 2007 жылдан бері өткізіліп келеді және оған 220-дан астам адам қатысты. Биылғы жылы конкурс «Энергожөндеу» ӨЖК қазандық-дәнекерлеу цехының ғимаратында, карантин жағдайында талап етілетін санитарлық нормалар сақталып өткізілді. Білім мен тәжірибе-шеберліктің негізгі компоненттері. Сондықтан жарыс практикалық емтиханмен басталды: газ кескіштер белгілі бір уақыт аралығында құбырларды (38 мм х 6 мм) және металл табақты (қалыңдығы 20 мм) кесу тапсырмасын орындады. Бұл тапсырманы 25 минутта орындап шықты. Кесу сапасы мен өлшемдерінің мөлшерін сарапшылар мұқият тексерді.      Теорияны тапсыру-кәсіби шеберлік конкурстың міндетті екінші кезеңі. Қатысушылар технология бойынша сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіздік техникасы, ЖҚҚ қолдану, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету туралы білімдерін көрсетті. Бұл салада қанша жыл еңбек етсе де, кез-келген газ кесуші маман жанар-жағармай материалдарын сөндіруге қолданбайтын, оттегі баллондарында қандай қалдық қысым болуы керектігін және кесу жылдамдығының рұқсат етілгеннен асып кетуінің қандай жағдайға әкелетінін білуі керек.

Александр Мальцев бұл конкурсқа төртінші мәрте қатысуда, оның автоматты түрде, әрі дұрыс қимылдарын көру таңқаларлық емес еді: «Бірінші болудың ерекшелігі: нәтижеге ең бірінші жетіп, салыстыратын қарсыластың болмауы. Александрдың айтуынша, ең бастысы-әрекетті мұқият, асықпау жасау. Жұмыста болсаң, асықпай атқарасың. Ал мұнда жарыс, әрі бірнеше адам қарап тұрғанда, әрине қобалжисың. Бірақ, мен биыл асықпай, жауапкершілікпен атқардым».

- Алдымен үздік кескіштерді 3-ЖЭО-ден таңдады. Солардың қатарына, біздің шебер Пустовалов Виктор Михайлович мені де таңдады. Басында менде біраз қобалжыдым, кейін өзімді қолыма алып, сабама келдім. Мен металды кесуді жақсы көремін, - деп атап өтті Жасұлан Смақов. Ол жарысқа бірінші жыл қатысып отыр.

Дархан Әбілдаев газ кесушілер жарысына алғаш рет қатысып отыр: «2020 жылдың сәуір айында АлЭС-ке жұмысқа орналастым. Мен бұл саланың маманы болып 11 жыл еңбек етудемін. Металл кесу, өздігінен бұл да өнер».

– Біз ең алдымен, жұмыстың кесу сапасын бағалаймыз, жиектердің балқуына, кесу пішініне, сонымен қатар міндетті түрде қауіпсіздік техникасының сақталуына назар аударамыз. Қатысушылардың кесу шеберлігі – бұл газ кескіштердің өздерінің ғана еңбегі емес, сонымен қатар департаменттердегі «Энергожөндеу» ӨЖК учаскелерінде олармен жұмыс істейтін тәлімгерлердің де еңбегі, - деп атап өтті өндірістік оқыту шебері Эдуард Омаров. Металл және дәнекерлеу қызметінде істегеніне көп уақыт болған жоқ, соған қарамастан, әріптестері оның жұмысқа деген жауапкершілігін ерекше атап өтті. Қатаң карантин кезеңінде ол өндірістік оқыту шебері болғанына қарамастан, 2-ЖЭО дәнекерлеуші болып жұмыс істеді.

Конкурстың қорытындысы салтанатты жиналыста жарияланды.

1–ші орын-Александр Мальцев, 3-ЭЖЖЦ қазандық жабдықтарды жөндеу учаскесінің 4-ші разрядты қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі;

2–ші орын-Дархан Әбілдаев, 2-ЭЖЖЦ негізгі қазандық жабдықтарды жөндеу учаскесінің 4-ші разрядты қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеужөніндегі слесарі;

3–ші орын-Мирас Бухарбеков, 2-ЭЖЖЦ негізгі қазандық жабдықтарды жөндеу учаскесінің 4-ші разрядты қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі.

Конкурстың барлық жүлдегерлері әр түрлі дәрежелі дипломдарға ие болды, ал 1,2,3 орын иегерлеріне ақшалай сыйлық табыс етілді. Олардың барлығы 4 разрядты слесарлар еді.

«АлЭС» АҚ-да 180 газ кесуші жұмыс істейді, олар металдар қызметі және «Энергожөндеу» ӨЖК дәнекерлеу кезінде аттестаттаудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. «Үздік газ кесуші» кәсіби шеберлік конкурсы жыл сайын өткізіледі. Оның негізгі мақсаты-қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, жұмысшы кәсіптерінің беделін насихаттау және олардың кәсіби өсуіне ынталандыру.

2020жылдың қараша айында АлЭС-те үздік электр дәнекерлеушіге арналған тағы бір кәсіби шеберлік конкурсы өтеді.