«Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қ. бойынша департаментінің №127-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің №162-НҚ 2020 жылғы 12 қарашадағы бірлескен бұйрықтарымен 2021-2025 жылдарға суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің шекті деңгейлерінің бекітілгендігін тұтынушыларға хабарлайды.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің шекті деңгейі келесіні құрайды:
2021 жылғы – 59,94 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз) (2020ж. қолданыстағы тариф деңгейінде сақталған);
2022 жылғы – 60,86 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз);
2023 жылғы – 60,99 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз);
2024 жылғы – 61,07 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз);
2025 жылғы – 61,15 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз).