«АлЭС» АҚ жылыту маусымына әзірлік паспортын алды

Қала әкімінің 28.09.2020 жылғы №3/396 қаулысына сәйкес Алматы қаласында 2020-2021 жылдарға жылу беру маусымы 28 қыркүйекте басталды.

2020-2021 жылдарға жылу беру маусымына дайындық мақсатында «Алматы электр станциялары» АҚ – ның барлық кәсіпорындарында қажетті пайдалану отын қоры-500 мың тонна көмір, 24 мың тонна мазут жинақталды. Бүгінгі күні «АлЭС» АҚ бойынша жөндеу жүргізілді және резервтік қазандықтар мен турбиналарды ескере отырып, қысқы максимальды жүктемемен жұмыс істеу кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті энергия көздері жабдықтарының 100% құрамы дайындалды.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Алматы электр станциялары» АҚ 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде барынша көп жүктеме алуға дайындығын растайтын паспорт алды.  ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «АлЭС» АҚ объектілері жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізді және 2020 жылғы 9 қазанда энергия өндіруші ұйымдардың 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді. «АлЭС» АҚ Батыс жылу кешені Алматы қаласы Энергиятиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан 2020 жылғы 7 қыркүйекте 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын алды.

«АлЭС» АҚ электр және жылу энергиясын жіберу бойынша өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындайды.