Жаңартылған жобалар портфелі келісілді

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасы жобаларының қоржыны өндірістік қауіпсіздікті дамытуға, клиенттермен және жеткізушілермен жұмыс істеуге және өндірістік процестердің реинжинирингтеу арқылы шығыстарды оңтайландыруға бағытталған жаңа жобалар мен іс-шаралармен толықтырылды. Жаңартылған жобалар қоржыны және трансформациялау бағдарламасының басқа да бірқатар мәселелері басқарма төрағасы Бақытжан Жоламановтың басшылығымен «Самұрық-Энерго» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелерімен келісілді.    

     Жобалар портфелін жаңарту-бұл компаниядағы маңызды және циклдік процесс. Бизнес-ұсыныстардың қалыптастырылған тізбесінің алдында үлкен талдау жұмыстары жүргізіледі, оған биылғы жылы Холдингтің барлық еншілес тәуелді ұйымдары (ЕТҰ) қатысты.                                                     «Самұрық-Энерго» АҚ төрағасы Бақытжан Жоламанов Жаңғырту жөніндегі кеңестің отырысын ашып, жаңартылған жобалар портфелі трансформацияны жүзеге асырудың жаңа тәсілдеріне сәйкес құрылғанын атап өтті. Олар жаңа идеялар мен жобаларды іздеуге бағытталған.                            ЕТҰ - ның барлық бірінші басшыларына жаңа идеяларды іздестіру мәселесін пысықтауды, өндірістік процестерді жақсарту бойынша әлемдік тәжірибені қолдануды тапсырамын», - деді Бақытжан Жоламанов.            «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов жобалардың жаңартылған портфелін және цифрлық трансформациялау бағдарламасының басқа да бақылау құжаттарын ұсынды.                      Жобалар портфелі 7 бастамаға бөлінген. Олардың бірі «Өндірістік қауіпсіздік» «Қауіпсіз өндіріс» жобасымен және «Медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізу» шарасымен толықтырылды.                                                                                     Екі бизнес-ұсыныс процестерді автоматтандыруды қамтиды.Қазақстан үшін теңдессіз жоба – «Қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесін енгізу» болып табылады. Ол үдерістердің реинжинирингі арқылы шығыстарды оңтайландыру жөніндегі бастамаға кіреді және плазмотронды орнатуды көздейді. Бұл қондырғы мазутты пайдалануды болдырмайды, бұл қыздыру беттерінің коррозиясын азайтуға және қазандық жабдығының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.                                                                 

«Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформациялаудың басқарушы директоры Дәурен Керейбаев пандемияның «Клиенттер» және «Жеткізушілер» атты екі бастамаға қатысты жобалар портфелінің жаңартылуына да әсерін атап өтті.             «Біз жаңа талаптарды ескере отырып, клиенттер мен жеткізушілердің байланыстарын барынша жойып, осы бағытты дамытуымыз керек. Сондай - ақ, компанияның тиімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа идеяларды ұсынуды дамыту қажет», - деп атап өтті Дәурен Керейбаев.                                          Бұл бастамаға «АЭС» ЖШС электр энергиясын тұтынушылары үшін онлайн-қызметтерді енгізу бойынша іс-шара және «АЖК» АҚ деректерді талдау көмегімен желілердегі коммерциялық шығындарды талдау бойынша жоба енгізілді.                            Осы немесе басқа жобаны талдау кезінде оның бірегейлігі ғана емес, сонымен бірге шығындар коммерциялық компоненттен аспаған жағдайда пайда да ескеріледі.

Пайда алмаудың жоғары тәуекелдеріне байланысты «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» жобасының үшінші толқынын жүзеге асырмау туралы шешім қабылданды.      

7 жобадан және 10 іс-шарадан тұратын жаңартылған жобалар портфолиосы ЖК мүшелерімен келісілді. Жобалар ұсынған ЕТҰ: «БЖЭС» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «SGE» ЖШС, «МГЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «ШГЭС» АҚ, «АЭС» ЖШС. 2021-2024 жылдарға арналған таза пайда 6 048 млн.теңгені құрайды.               

 

 

ЖК мүшелеріне ақпарат беру мазмұны мен арналарын қамтитын IV тоқсанға арналған цифрлық трансформация бағдарламасын (ЦТБ) жылжыту жоспары келісуге ұсынылды. PR сияқты байланыс ЦТБ-ның жетекші құралдарының бірі. Жоспар бекітілді, ЕТҰ-ның бірінші басшыларына оны іске асыруға ЕТҰ-ның баспасөз қызметін тарттыру тапсырылды.                                                                                                                                          Сондай-ақ, ЖК мүшелері III тоқсандағы цифрлық трансформация бағдарламасын іске асыру барысы туралы есепті келісті.