Қапшағай ГЭС жоңғышы – Республикалық конкурстың жеңімпазы

 

  Қапшағай ГЭС электр машиналық цехының 6 разрядты жоңғышы Андрей Павелко республикалық «Кәсіби маман» байқауында «Электр энергетика» номинациясы бойынша I орын алды. Байқау ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы бойынша басталды.Андрей Павелко жоңғыш болып 35 жыл жұмыс істейді. Ол жайында: қолы шебер, кез-келген қиын жұмысты игере алатын жан.

 

 Андрей Дмитриевич түпнұсқадан қажетті бөлшектерді дәл көшіріп қана қоймай, гидроэлектростанцияның еңбек өнімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа механизмдерді әзірлейді. Берілген тапсырмалар қаншалықты қиынырақ болса,  оған соншалықты қызығырақ.

Ол кәсіби маман, әлі күнге дейін  ізденуден тынбайды, арнайы әдебиеттерді оқиды, интернеттегі әріптестерін қызығушылықпен бақылайды, компьютерлік бағдарламалаумен станоктарды меңгеруді армандайды.

 

Андрей Дмитриевич жас ұрпақты тәрбиелейді және әріптестеріне көмектеседі. Кәсіпорындардың жұмысы дәл осындай азаматтардың еңбегімен артады, олар кез-келген бастаманы қиынсымай, жұмыстан қашпайтын адамдар. Олар қазіргі заманның нағыз шеберлері.

«АлЭС» АҚ ұжымы Андрей Дмитриевичті жеңісімен шын жүректен құттықтап, денсаулық пен зор шығармашылық табыс тілейді.

Андрей Павелконың виде материалын
https://astanatv.kz/ru/video/7366/
 немесе  http://www.ales.kz сайтынан көруге болады.