Орны толмас қаза

2020 жылғы 15 қыркүйекте «Алматы электр станциялары» АҚ ұжымы ауыр қазаға ұшырады. Біздің әріптесіміз, 3-ЖЭО Бас инженері Виктор Владимирович Безрук 62 жасында мезгілсіз қайтыс болды.

Өмірінің 37 жылын 3-ЖЭО-ге арнап, оның 22 жылы бас инженер лауазымын атқарды.Ол өз елінің құрметті азаматы, адал ниетті қызметкер болған. Виктор Безрук еңбек жолын 1983 жылы Алматы МАЭС-те бастаған. Оның алғашқы тәлімгерлері станцияда жұмыс істеген туған ағалары болды. Виктор Владимирович қазандық және турбина цехтарында, жылу автоматикасы және өлшеу цехында тәжірибе жинаған. 1998 жылдан бастап 3-ЖЭО бас инженері лауазымын атқарды.

 

Виктор Безруктың өмірдегі басты қағидалары-шыдамдылық, жауапкершілік және кәсібилік болатын. Виктор Владимирович құзыреттілігінің, жұмыстағы жанкештілігінің, ең күрделі міндеттерді шешу қабілетінің арқасында Қазақстанның энергетиктері арасында лайықты жоғары іскерлік беделге ие болды. 2014 жылы Безрук отбасылық дәстүрлерді сақтағаны, көпжылдық жемісті еңбегі үшін марапатталды. Безрук әулетінің жалпы еңбек өтілімі 188 жылды құрайды.

Виктор Безрук әрқашан адал, сенімді адам ретінде есте қалады. Ол мамандыққа, таңдаған ісіне, сенімдеріне адалдықтың жарқын мысалы. Виктор Владимирович әрқашан белсенді өмірлік ұстанымда болды. Ол интернационалист жауынгерлер қауымдастығында болды.

Адал еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Безрук Виктор Владимирович «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі», «ҚЭҚ Құрметті энергетигі» атақтарымен, «АлЭС» АҚ, «KAZENERGY» қауымдастығының, «Самұрық-Энерго» АҚ және т.б. құрмет грамоталарымен марапатталды.

 «АлЭС» АҚ ұжымы марқұмның туыстарымен жақындарына қайғыларыңызға ортақ, ал Виктор Владимирович туралы естелік мәңгілік жүректерінде сақтайды.