Трансформацияның алғашқы 5 жылдық мерейтойы!

Биыл «Самұрық-Энерго» АҚ-да Трансформация бағдарламасы басталғаннаны 5 жыл. Өзгерістер тұрғысынан Холдинг үшін бұл үлкен жетістіктер туралы айтуға, қорытынды жасауға аз ғана кезең.Дегенмен, трансформация тобын қалыптастыру және көшбасшыларды анықтау, сонымен қатар жобаларды іске асырудан түскен қаржылық пайдасы деген сияқты нәтижелер бар екенін айта кеткен жөн.

Барлық портфельдік компанияларында өзгерістерді іске қосудың бастамашысы болған «Самұрық-Қазына» АҚ қорын трансформациялау бағдарламасы әлемнің жетекші холдингтерінің: «Khazanah» (Малайзия), «Temasek» (Сингапур) және «Mubadala» (Біріккен Араб Әмірліктері) тәжірибесіне негізделген. Мысалы, Малайзияның «Khazanah» ұлттық әл-ауқат қорының тәжірибесі оның бірнеше жыл ішінде теріс экономикалық пайдасы бар пассивті холдинг компаниясынан бүкіл ел ауқымындағы трансформацияның өңірлік көшбасшыларына айналғанын дәлелдеді.2004 жылдан бастап «Khazanah» трансформация басталған кезде оның портфелі 51 миллиард доллардан 121 миллиард долларға дейін өсті, меншікті капиталдың кірісі 3,5 есе өсті.Бір жылға жуық жобаларды белсенді іске асыру арқылы трансформация жоспарланған нәтижелер түрінде де, компанияның ішінде пайда болған жаңа бастамалар түрінде де өз жемісін бере бастады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы жобалардың бірінші қоржыны корпоративтік орталықтағы бизнес-процестерді жақсартуға бағытталған және 12 жобаны, 4 салалық бизнес-процесті жетілдіруді және компанияның ұйымдық құрылымы бойынша бір жобаны қамтиды.Бастапқыда «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасында әл-ауқат қорымен бірлесіп 3 негізгі бағыт бөлінді: «Адамдар», «Процестер» және «Технологиялар». «Адамдар» санаты алғашқылардың бірі болып табылады.Өйткені, егер адамдар инновациялар мен өзгерістерге сенбесе және қаламаса, бірде-бір ақпараттық жүйе, бірде-бір автоматтандыру процесі тамыр алмайды.Сондықтан бұл трансформация бағдарламасы тек қана процестердің, технологиялардың және мәліметтер дамуына ғана емес, қызметкерлерінің әлеуетін аша түсті, олардың құзыреті және жалпы ой-өрісін көтерді.Бәлкім, біреуде компанияда стратегия бар кезде трансформация бағдарламасы не үшін қажет сұрақ туындауы мүмкін. «Самұрық-Энерго» АҚ стратегиясы компанияның операциялық тиімділігін жақсартуға және еңбек өнімділігін арттыруға, бейінді бизнес пен стратегиялық активтерге шоғырлануға бағытталған.Иә, әрине, бизнестің дамуына да жауап береді. Трансформация бағдарламасы-бұл холдингтің стратегиялық мақсаттарына, оның ішінде қаржылық пайдаға қол жеткізуге ықпал ететін әртүрлі мүмкіндіктерді қамтитын неғұрлым икемді құрал. Трансформация бағдарламасы 5 жыл ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-на 13 миллиард теңгеден астам қаржы әкелді.

2019 жылы Трансформация бағдарламасы цифрландыруға бағыт алды. Тәсілдер қайта қаралды.Назар өндірістік қуаттылықты арттыру үшін сандық шешімдерді қолдана отырып, өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жуламанов экономикалық тиімділік әкелетін жобалар мен іс – шараларды әзірлеу міндетін қойып, жаңа идеяларды жинаудың басталуын жариялады.Трансформация кеңсесі мен цифрландыру кеңсесі «Самұрық-Энерго» АҚ цифрлық трансформация бағдарламасының жобалары мен іс-шараларын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Компаниядағы трансформация көшбасшыларының бірі, бизнесті трансформациялау жөніндегі Басқарушы директор Еділ Копенов төрағаның тапсырмасымен компаниядағы трансформацияның жаңа кезеңі басталғанын айтады.

 

 

«Өзгерістерді енгізу ниеті қызметкерден келуі керек. Трансформация кеңсесі-нәтижеге жетуге көмектесетін әкімші. Трансформация тұрақты, үздіксіз жақсару екенін түсіну керек. Сондықтан біз бұл жұмысты қолдаймыз. Біздің өңірдегі компанияларымыздың дамуына, белсенді болуына үйрету керек».

 

 Осы жылдың қазан айында жаңартылған портфель қалыптастырылатын болады, оның жобаларын дайындауға Холдингтің барлық еншілес компаниялары қатысты.Бұған дейін барлық ЕТҰ-мен байланыс, идеялар мен ұсыныстарды жинау арналарын кеңейту, 60-тан астам әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың орындылығы мен экономикалық тиімділігін талдау болды.«Іріктеуден» 15 жоба өтті, олар жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелерінің қарауына шығарылды. Жаңартылған жобалар қоржынының 10 бизнес-ұсынысын одан әрі іске асыру үшін бюджет пен басқа да ресурстарды бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Портфельге енбеген жобалардың 5-ін операциялық қызметте цифрлық трансформация бағдарламасынан тыс іске асыру жоспарлануда.

«Идеялар мен ұсыныстар үнемі келіп түсуі тиіс, жобалар портфелі әрдайым жаңартылып, толықтырылуы тиіс.Біз бұдан әрі де компанияның табыстылығын арттыруға ықпал ететін жаңа жобаларды талқылауға ашық болуға ниеттіміз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

 

Трансформация бағдарламасы жалғасуда. Трансформация кеңсесі цифрландыру кеңсесімен бірлесіп, Компанияның барлық ішкі процестерін үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ететін болады. Жалпы, бұл  үнемі өзін-өзі жетілдіру мәдениетін дамыту және нығайту курсы.