Құрметті демалысқа шығарып салу

 

2020 жылғы 27 тамызда «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО ұжымы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отын-көлік цехының 2-разрядты отынды таразышы-қабылдаушысы Сыпатаева Гүлнұр Естемесқызын құрметті демалысқа шығарып салды. 3-ЖЭО-де үздіксіз жұмыс өтілімі 29 жылды құрады.

3-ЖЭО-да еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Кеңседе машинис болып жұмыс істеді. 1996 жылдың қазан айында отын-көлік цехына отынды  таразышы-қабылдаушысы болып ауыстырылды. Отын-көлік цехында жұмыс істеген кезінде өзін бастамашыл қызметкер ретінде көрсетті, қойылған міндеттерді жауаптылықпен орындады. Жұмыс барысында отынды қабылдаушы-таразышы отынды қабылдау және өлшеу бойынша заманауи бағдарламаларды игерді. Құжаттамамен ұқыпты жұмыс атқарады.

 

Тәлімгерлік жұмыстармен белсенді айналысты. Цехтағы әріптестер оның еңбекқорлық, әдептілік, жауапкершілік, ұқыптылық сияқты қасиеттерін атап өтті. Жемісті және адал еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері, сондай-ақ құрметті демалысқа шығуына байланысты Г.Е.Сыпатаева «АлЭС» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. 3-ЖЭО басшылығы мен кәсіподақ комитеті Гүлнар Естемесқызын Мұхтар Шахановтың мына өлең шумақтарымен құттықтайды

Тойыңа гүл алып,

Келдім мен қуанып,

Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.

Жүзіңе нұр тұнып,

Кетіпсің құлпырып

Бір бақыт сәулесін төккендей.

Сен туған күн - мерекеміз,

Ән бастайық кел, екеуміз.

Ұмытпа сен, құрбым,

Есте қалсын мәңгі бұл күн!