Жазатайым оқиғаларға жол бермеу.

«Кешенді қауіпсіздікті басқару бойынша жаңа модельді енгізу» жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ Холдингінің оңтүстік өңіріндегі үш ЕТҰ-да басталды. Бұл екі ірі өндірістік актив – «Алматы Электр Станциялары» АҚ (АлЭС), «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) және «Samruk Green Energy» ЖШС (SGE) күн электр станциясы.

Бастапқы кеңеске жоғары басшылық, сондай-ақ алты мыңнан астам адам, оның ішінде еңбекті қорғау бөлігінде қызметкерлер үшін жауапты ЕТҰ желілік басшылары қатысты.  Кешенді қауіпсіздік жөніндегі жобаның жаңа тәсілдері қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және оқыс оқиғалардың алдын-алу есебінен жарақаттануды азайтуға бағытталған. Жоба қызметкерлерге қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген көзқарасты өзгертуге, олардың санасының деңгейін арттыруға және ескірген тәсілдерді өзгертуге көмектесетін жаңа үлгілерді, практикалық құралдарды енгізуді қамтиды.                                                        Бастапқы кеңестіжобаның бірлескен демеушісі  Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор – Көпенов Еділ ашты: «Еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің басымдығын атап өткім келеді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың ерекше бақылауында. «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы жобаның демеушісі Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов».                                                                                 Тәжірибе көрсеткендей, жарақат алу қаупі бар жағдай қатерлерінің туындауын болдырмау, жазатайым оқиғалардың алдын-алуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың І жартыжылдығында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 6 жазатайым оқиға тіркелді. Ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде 7 жазатайым оқиға болып, оның ішінде 1 адам өліммен аяқталды. 2019 жылы оқиғаларды тіркеудің айқын жүйесі енгізілді, оның шеңберінде жарақаттануға әкелмеген қауіпті оқиғалар тіркеледі және тексеріледі.Жазатайым оқиғаларды жасырғаны үшін жауапкершілік және ықтимал-қауіпті жағдайлар туралы хабарлағаны үшін ақшалай уәждеме күшейтілді.

 

 

2020 жылдың 1 жартыжылдығында 16 қауіпті оқиға тіркелді және тексерілді. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде-23 қауіпті оқиға.

Жоба жетекшісі мен «Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Төлеген Максилов жобаның маңыздылығына тоқталды: «Өндірістегі ықтимал қауіп-қатерлерге сапалы талдау жүргізу қажет. Жұмыста төрешілдік көзқарас болмауы керек. Айқын есептілік жүйесін енгізу, өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне белсенді көзқарас – жобаны іске асырудағы маңызды міндеттер».                                                                                                                                                                                                      Жобаны енгізу аясында жоба іске асырылғаннан кейін үш жыл ішінде жарақаттану көрсеткіштерін 30%-ға төмендетуге қол жеткізу жоспарланып отыр».                                                                              Анықтама: 2019 жылы «ЕГРЭС-1» ЖШС, «МГЭС» АҚ, «ШГЭС» АҚ ҚЦ жобасының бірінші толқыны аяқталды.Жобаның екінші толқыны «АлЭС» АҚ «СЭГРЭС-2» АҚ «ПВЭС»  ЖШС-де 2020 жылдың соңына дейін аяқталу сатысында.  Жобаның үшінші толқыны «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ және «SGE» ЖШС күн электр станциясында басталды.