2020 демалысы

«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары өздерінің қызығушылықтары туралы әңгімеледі

Жазғы демалысты барлық оқушылар ұнатады. Балалардың қызығушылық танытатын нәрселерімен алаңсыз айналысуға мүмкіндік бар. Әлбетте, балалар бос уақытын қызықты және көңілді өткізеді. Біз компания қызметкерлері балаларының ерекше қызығушылықтарымен жақынырақ таныстық.

 

 

Шығармашылық және спорт-біздің өміріміз

2-ЖЭО қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің инспекторы Наргиз Тавбаеваның отбасында шығармашылықпен және спортпен барлық отбасы айналысады: күйеуі Олжас Әбіл, 2-ЖЭО баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының инженер-технологы, штанга көтереді, ал Наргиз Айым мен Дария есімді екі қызымен кәсіби түрде бимен айналысады, ұлы Ерасыл джиу-джитсу секциясына барады.                                                                                                                     Қыздар бимен бұрыннан кәсіби түрде айналысады, үлкені 7 жыл, ал кішісі-2 жыл. Олар би үйірмесіне қатысады. Айым мен Дарияның айтуынша, би-өмірдің нағыз өнері. Би өнері – қатаң тәртіпті талап етіп, үлкен еңбекті қажет етеді, әрі қарым-қатынас құруға үйретеді. Билеу - біз үшін  бақыт, -  деп бөлісті. Айым сахнада Айгүл Иманбаева, Жазира және Жанболат, Аша Матай секілді танымал әншілермен өнер көрсетеді. Қазір қыздар онлайн түрде айналысуда.                                                                                                                                                                                                                       - Қыздарымның өнері мені тәнті етеді! Олардың дене қозғалысына, күрделі элементтерді орындауына,  ана ретінде қуанып, мақтан ентемін! 2019 жылдың желтоқсан айында біз «Нұрлы жастар» республикалық байқауында «Андижан поляк» биін билеп, Гран-при жеңіп алдық. Қыздарымның айналысатын биі, менің сүйікті өнерім, сол үшін де мен ризамын. Үйде көптеген дипломдары, медальдары, кубоктары бар. Мен балаларымның осындай таланты бар екенін ерекше бағалаймын! - деді Наргиз Тавбаева.                                                                                                                                                                                                       Он бес жасар Ерасыл 7 жастан бастап қоян-қолтық ұрыс түрімен ай налысады. Жарыстарға қатысады, жүлделі орындарды да иеленді. Қазір ашық спорт алаңында айналысуда. Ерасыл поэзияны жақсы көреді, ол Абайдың, Омар Хайямның және басқа да авторлардың өлеңдерін оқиды. Өткен жылы Абай-челленж поэтикалық эстафетасына қатысып, қазақтың ұлы ақыны Абайдың жетінші қара сөзін оқыды.

 

Наргиз Тавбаева балалардың қызығушылық білдіріп жүрген кәсібі, оларға болашақта көмектесетініне сенімді.

Астрономия-керемет ғылым.

 

3-ЖЭО бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы Раушан Окапованың он бес жасар ұлы астрономияға қызығушылық танытуда. - Егер сіздің балаларыңыз алкогольден, есірткіден аулақ болғанын немесе теріс жолға түспегенін қаласаңыз ... Астрономия-бұл заманауи ғылымға қол жеткізу, қызықты адамдардың көпшілігімен араласу мүмкіндігі. Астрономия-керемет ғылым. Бұл іс жүзінде математика, өйткені біз абстрактілі шамалармен айналысатынымыз рас. Бұл біз өмір сүріп жатқан әлем туралы жаңа білім алуға тамаша ынталандыру. Осындай талпыныс № 47 орта мектептің 9 сынып оқушысы, менің ұлым Дамир Мамырбекте пайда болды, - деді Раушан Оқапова. Дамир астрономияға 10 жасынан бері қызығушылық танытты. Өткен жылдың қараша айында астрономиядан Талдықорған қаласында өткен облыстық олимпиадаға қатысып, 3 орын алды. - Биылғы жылы «Ықтимал мекендейтін экзопланет іздеу әдістерін әзірлеу» жобасы бойынша жұмыс істеді. Мен, температуралық режим жер режиміне ұқсас болатын ата-ана жұлдызының ортасынан қашықтықты есептеп, өмір сүру ұзақтығы мен экзопланеттік жүйелер үшін өмір сүру белдеуінде нақты бар планеталарды анықтадым. ҚР Құрметті білім беру қызметкері, менің мектебімнің физика пәнінің мұғалімі С.Х. Бекмухамбетоваға және ғылыми кеңесші ф.-м. ғ. к., «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» ЕЖШС «Жұлдыздар мен тумандықтар физикасы» зертханасының меңгерушісі Л.И. Шестаковқа алғысымды білдіремін. Жоба Париж қаласында өткен «Большой прогресс» халықаралық байқауында 1 орын алды. Әлем зардап шеккен індеттің кесірінен әр елден келген қатысушылар конкурсқа қатысу мүмкіндігі болмады. Сондықтан іс-шара онлайн өтті. Осы жылдың қараша айында мені «Созвездие-2020» балалар мен жастардың оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының Бүкілресейлік Олимпиадасына қатысуға шақырту алдым. Ендігі Мәскеу қаласына бара аламын деп үміттенемін. - Өз балаларыңыздың әр түрлі жобаларда, бастамаларда, ерекше ынта білдірген қызығушылықтарын қолдаудан қорықпаңыз, – деді Раушан Окапова, - бұл сіздің баланың қызығушылығына ерекше көңіл бөлгеніңізді дәлелдейді, себебі, ол сіздің қолдау көрсеткеніңізді мұқтаж етеді, бұдан сіздің отбасыңыз мықты және бақытты болады. Қазір Дамир жоба бойынша жұмысын жалғастыруда. Оның болашаққа деген үлкен жоспары бар.

Қызымның қолынан пайдалы дәрумен «Энергож-ндеу» ӨЖК металл және дәнекерлеу қызметінің 5 разрядты ультрадыбыстық бақылау жөніндегі дефектоскопис Алмас Ердиеновтың кіші қызы Кәусар уақытты пайдалы өткізеді. Ол анасына бөшкедегі қымызды дайындауға көмектеседі. Он жасар Кәусар таза сусын алу үшін барлық қажетті әрекеттерді тез және оңай істейді. Айта кету керек, бұл жастағы қыздар үшін ең оңай жұмыс емес. Ол шөлді жақсы қандыратын және денсаулықты нығайтатын, сүт түсті, тәтті-қышқыл, әрі пайдалы көбігі бар сусын жасайды... Ал әкесіне қызының қолынан ішкен қымыз нағыз денсаулыққа пайдалы дәруменге айналады. Жас көмекшіні ата-анасы мақтан етеді.

 

Әлем Каталинаның көзімен

 

 «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖЦ қосалқы қазандық жабдығын жөндеу бойынша учаскенің 4- разрядты қолмен дәнекерлеуші, Виктор Мицкевичтің қызы Каталина сурет салуды ұнатады. Ол небәрі 4 жаста, бірақ оның өзінің сүйікті ісі бар. Жас суретші күн сайын сурет салады. Каталина ойындағы суретті жақсы салады. Әкесі мен анасы қызының қызығушылығын қолдайды. Оған сурет салу үшін, арнайы орынмен жабдықтап, барлық керек-жарақтар мен жиынтықтармен қамтамасыз етеді. - Қызым сурет салғанда қуанышын көрсеңіз, - дейді Виктор Мицкевич. Ата-анасы Каталинаның суреттерін мұқият жинап, сақтап отырады.

 

Әлем Каталинаның көзімен

 

 «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖЦ қосалқы қазандық жабдығын жөндеу бойынша учаскенің 4- разрядты қолмен дәнекерлеуші, Виктор Мицкевичтің қызы Каталина сурет салуды ұнатады. Ол небәрі 4 жаста, бірақ оның өзінің сүйікті ісі бар. Жас суретші күн сайын сурет салады. Каталина ойындағы суретті жақсы салады. Әкесі мен анасы қызының қызығушылығын қолдайды. Оған сурет салу үшін, арнайы орынмен жабдықтап, барлық керек-жарақтар мен жиынтықтармен қамтамасыз етеді. - Қызым сурет салғанда қуанышын көрсеңіз, - дейді Виктор Мицкевич. Ата-анасы Каталинаның суреттерін мұқият жинап, сақтап отырады.

 

Жайлау қандай тамаша!

 

Жайлау, таза ауа, таулар, атқа міну, табиғи тағам - әрбір қазақстандық үшін арман. «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖЦ жабдықтарды жөндеу, жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын жөндеу учаскесінің шебері Жандос Батырхановтың балалары табиғатты жақсы көреді. Жыл сайын олар ата-әжесі тұратын жайлауға барып демалады. Айжанның ең сүйікті ісі атқа міну. Ол небәрі 5 жаста, ол осы жаста қорықпай атқа мінеді. Оның кішкентай сіңлісі Каусар әпкесімен бірге жүреді. Балалар жылқы жануары туралы бәрін біледі. Жайлауда қандай тамаша: ақ жаңбыр, таза ауа, ал таза ауаның желі керемет!

 

Спорт – салауатты өмір негізі!

 

«Энергожөндеу» ӨЖК 1-ЭЖЖЦ қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінің шебері Сергей Быченконың ұлы Владислав спортпен шұғылданады. Ол 11 жаста, сонымен қатар скейтбордтағы сырғанаумен айналысады. Бос уақытында Владислав өз достарымен сырғанау дағдыларын меңгеріп, шеберлік әдістерін ойлап табады. Скейтбординг-ең танымал, көше спорт түрлерінің бірі. Бұл аяқтың күшін және төзімділікті талап ететін қозғалыс. Скейте сырғанауды ашық ауада салауатты өмір салтының бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Владислав бұл қауіпті спорт түрі, оған сақтықпен қарау керек екенін біледі. Тіпті өзін-өзі оқшаулау кезеңінде бала физикалық үйлестіру мен төзімділікті жақсарту үшін үнемі жаттығады.

Желдеткіш өз қолынан

 

Тоғыз жасар Сағантай Сапарғали, Қапшағай ГЭС электр машина цехының бастығы Меңдіғали Рушановтың ұлы 6 жастан бастап электр техникалық құрылымдармен айналысады. Әкесі үнемі қолдау көрсетеді, дәнекерлегішпен қалай қауіпсіз жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, ұлымен бірге қосылыстар сызбасын салады, қажетті бөлшектерді сатып алады. - Менің ұлымның электротехникаға қызығушылық танытқаны мені қуантады. Биылғы жылы ол демалыстарда балалар бөлмесін суыту үшін желдеткіш жасайтынын айтты Меңдіғали Рушанов. Сағантай моторын реттеп қойды. Қазір ол шағын желдеткішті жөндеуде. Сондықтан жаз айында балалар бөлмесі жайлы болады.

 

 

Ең басты көмекші

 

Кадр жөніндегі бас маманы Ангелина Нестерованың ұлы Вова ата-анасына үй шаруасына көмектеседі. Оның апта сайынғы міндеті моншаға отын әзірлеу. Он жасар Вова бақша суарады, күн сайын үй құсының жем-суын беріп, үй мен аула ішіндегі тазалықты қадағалайды. Жас көмекші бұл міндеттерді өзінің қалауымен атқарады, өйткені Ангелина ұлына бала кезінен үйдің тазалығы мен жайлылығын бағалауды үйреткен. Үй шаруасынан бос уақытында Вова ағылшын тілін үйренеді. Бірақ оның ең сүйікті ісі – самокат тебу. Ол оның үнемі жанында жүреді. Өйткені самокат-пайдалы, белгілі бір физикалық жүктеме. Вова түрлі шеберлік әдістерді үйренді, мысалы, самокатта секіру, артқы дөңгелекте жүру, артқы жүріспен жүру және т.б.