Жаз мезгілі – жөндеу науқаны

3-ЖЭО-гі жөндеу жұмыстары туралы

3-ЖЭО қазіргі уақытта Өтеген батыр кенті мен «МАЭС» ЖК-ны  жылумен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады, сондай-ақ энергия жүйесі мен жақын орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына электр энергиясын береді.

3-ЖЭО энергетикалық жабдықты жөндеудің жылдық кестесін орындау жалғасуда. Жазғы жөндеу науқаны аясында алты қазандық агрегаттары мен төрт турбоагрегаттарды, АТҚ 35/110/220 кв жабдықтарын, алты негізгі трансформаторды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.     

Осы уақыт ішінде 3-ЖЭО техникалық мамандары техникалық жай-күйін тексеріп, жабдықты баптауды орындайды, экрандық құбырларды, бу қыздырғыштың ыстық пакетін, ауа қыздырғыштың кубтарын ауыстыра отырып, техникалық қызмет көрсетеді, қыздыру беттерін жөндейді, тамшыұстағыштар мен ұршықтарын ауыстырады. Жөндеу жұмыстары негізгі және қосалқы жабдықтар жұмысының нормативтік көрсеткіштерін қалпына келтіру, техникалық регламент шегінде қоршаған ортаға әсер ету деңгейін ұстап тұру, сондай-ақ жүктемелердің ең үлкен мөлшері кезеңінде қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

- Барлық жөндеулер алдын-ала жоспарланады. 3-ЖЭО жұмыстарын жүргізу кезінде жоспарға сәйкес электр энергиясын өндіру бойынша міндеттерді орындауды жалғастырады. «Энергожөндеу» ӨЖК және келісім-шарттар негізінде бөгде мердігерлік ұйымдардың күштерімен жасалды.

Бірінші жартыжылдықта «Энергожөндеу» ӨЖК күшімен үш қазандық агрегаттары (№2,5,6 ст.), екі турбоагрегат және турбогенераторлар (№2,3,4 ст.), үш трансформатор (2Т, 4т, 5ат) жөнделді, - деп атап өтті 3-ЖЭО басқарушы директоры Фазоил Салимов.

3-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Бармин Сергейдің айтуынша, қазіргі уақытта мердігер ұйымдар қазандық агрегаттарының жабдықтарын коррозияға қарсы қорғауды жөндеуде, пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында техникалық жағдайын анықтау үшін жабдықтарды тексеру жүргізілуде. Роторды ауыстыра отырып, №3ст. турбоагрегаттың жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазан айының соңына дейін 3-ЖЭО-да 2020-2021 ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындық аяқталады. Осы уақытқа дейін станцияның энергетикалық жабдығы келесі жылыту маусымында сенімді және үздіксіз жұмыс істеуге толық дайын болады.