«АлЭС» АҚ Ким Владимир өз тәжірибесімен бөлісті
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық ЕТҰ-ы трансформация бағдарламасын қолдады. Жаңа жобаларды іске асыру қызметкерлердің құзіреттілігі мен белсенділігі, сондай-ақ олардың жұмысты жаңаша атқаруына байланысты. Осындай қызметкерлердің бірі «АлЭС» АҚ Әдіснама және трансформация бөлімінің бастығы Ким Владимир. Бүгін Ол трансформациялаудағы өз тәжірибесімен, болжамдарымен және идеяларымен бөліседі.
Владимир, АлЭС-тегі жұмыс тәжірибеңізбен бөліссеңіз. Және қай уақыттан бастап сіз бұл бағдарламамен таныссыз?
АлЭС-ке мен 2013 жылы келдім. Алғаш менің лауазымым- бюджет және экономикалық талдау бөлімінің басты экономисі. Ол кезде трансформация бойынша бөлімшелер болған жоқ, бірақ біз қазіргі бизнес-үрдістерді автоматтандырудың бастамашысы болып отырмыз. Атап айтқанда, 1С: Кәсіпорын 8.0 жүйесінің базасында «Бюджеттеу және жоспарлау» және «Сатып алулар мен қорларды басқару» модульдері енгізілді. Мен, экономис ретінде есептер мен құжаттардың жаңа нысандарын әзірлеуге және тестілеуге белсене қатыстым. Сонымен қатар, 2014 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-да Oracle Hyperion базасында БЕЖ енгізу жобасы шеңберінде біздің компаниядан жұмыс тобының құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ алдында жобаны қорғауға қатыстым. Жобаға қатысқанымыз үшін барлық команда «Самұрық-Энерго» АҚ алғыс хаттарымен марапатталды.
Трансформация бөлімі сіздің компанияңызда бірінші болып, АлЭС-тің бастамасымен құрылды. Бұл немен байланысты?
Біз компанияның одан әрі дамуы керек екенін түсінеміз. Ақпараттық жүйелер өте тез жаңартылуда. 2016 жылы біз 1С: ТҚЖ (техникалық қызмет көрсету және жөндеу) енгізе бастадық. Жөндеу басқармасы, АТ басқармасының, сондай-ақ сол уақытта құрылған Әдіснама және трансформация бөлімінің мердігерлік ұйыммен тиімді бірлескен жұмысы, осы жобаны 2018 жылдың желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға сәтті іске қосуға мүмкіндік берді. Сол жылы әдіснама және трансформация бөлімі құрылды (ӘжТБ), сол жаққа бас маман болып ауыстым, ал 2018 жылдың шілде айында осы бөлімнің бастығы болып тағайындалдым.
Сіз қандай идеяларыңызды жүзеге асыра алдыңыз?
ӘжТБ бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – ақпараттық жүйелердегі анықтамалықтарды жүйелеу, оның ішінде «Номенклатуралар» анықтамалығы болып табылады. Ол үшін біз бірқатар ішкі нормативтік құжаттарды, бұйрықтарды әзірледік, анықтамалықтарды өзектендіруге жауапты адамдарды тағайындадық. Осы іс-шаралардың нәтижесі анықтамалықтарда қайталанатын позицияларды және қате атаулары бар позицияларды барынша азайту болды. Кейінірек электрондық құжат айналымын енгізумен жаңа номенклатуралық позицияларды кодтауға қағаз өтінімдер толық электрондық сұранымға ауыстырылды.
2018 жылы «1С: құжатайналымы КОРП 2.0» ақпараттық жүйесін пайдалануға лицензия сатып алынды және АТ басқармасы мен МБЖ қызметкерлерінің күшімен 2019 жылғы желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Бір анықтамалықты өзектендіру мен түзеуге жұмсалған еңбек шығындарын өлшеу мүмкін бе?
Бұл қиынға соғатын болар. Шын мәнінде, бұл өте мұқияттылықты талап ететін жұмыс, себебі анықтамалардағы қате деректер, қайталанатын позицияларды жою - бәрі қолмен жүзеге асырылды. Бүгінгі күні біз ағымдағы ақпараттық жүйелердегі 160-қа жуық анықтамалықты өңдедік және өзектендірдік. Тек бір «Номенклатураның» анықтамалығында 70 000 астам позиция бар. Анықтамалықтар үнемі тұрақты жұмыс күйін ұстап тұру үшін, үнемі бақылауда болу керек. Бұл жұмыс трансформация бөлімі құрылған сәттен бастап, яғни 2018 жылдан басталды. Бүгін біз нақты деректер базаға иеміз, әрі оны бақылауды жүзеге асырамыз.
Сіздің ойыңызша, АлЭС-тің жобалар портфеліне қандай ұсыныстар енгізілуі тиіс?
Біз идея ретінде 1С: ERP көпфункционалды ақпараттық жүйесін енгізуді және онымен тығыз байланыста электрондық мұрағат құруды ұсындық. Бұл барлық қоғамдағы «цифрға» көшудің трендтерін ескере отырып, өзекті бағыттар деп ойлаймын. Бұл бізге бірыңғай ақпараттық кеңістікке шығуға және бизнес-үдерістердің көпшілігін автоматтандыруға көмектеседі.
Сіз өзгерістер дәуіріне ендіңіз. Мұндай позициядан не күтесіз? Сіздің ойыңызша, өзгерістер әкелуші қандай дағдыға ие болуы керек?
Жаңа тәжірибе алу, маман ретінде біліктілікті арттыру. Дағдылар-коммуникабельділік және стресс тұрақтылығы. Мен өзімді белсенді және өзгеріске мүдделі қызметкерлер қатарына жатқызамын. Мен өз компаниямызға пайдалы бола аламын деп үміттенемін және осы ұстаным біздің трансформация бөлімінің жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді деп үміттенемін.