АЛЭС АҚ 2019 ЖЫЛҒЫ РЕТТЕЛІП КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ЕСЕБІ ӨТТІ

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25- бабы 6-тармағына сәйкес «АлЭС» АҚ 2020 жылғы 29 мамырда тұтынушылар және өзге мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2019 жылғы «АлЭС» АҚ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы жария тыңдау есебі өтті.
«Коронавирус жұқпасының таралуын алдын-алу мақсатында іс-шара Zoom платформасында (Алматы қ. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсынысы бойынша) электронды байланыс құралдарын қолдану арқылы онлайн форматта өткізілді..Алматы).

Жария тыңдауға уәкілетті және мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар және т. б. қатысты.
«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов есептік баяндамасында: «АлЭС» АҚ – табиғи монополиялар субъектісі болып келеді, сондай-ақ компания жылу энергиясын өндіру және магистральды құбыр жолдары арқылы су беру қызметтері бойынша Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілді», деп атап өтті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жылу энергиясын өндіру қызметінің нақты көлемі 4 980 мың Гкал құрады, ол бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 379 мың Гкал немесе 7% - ға төмен. Жылу энергиясын өткізуден түскен кіріс 16 704,9 млн.теңгені, ал шығын 17 479,5 млн. теңгені құрады. Жылу энергиясын өндіру қызметіндегі шығын (-774,6) млн.теңге. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдары инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 813,8 млн. теңге және «Алматы 2-ЖЭО қайта құру және кеңейту. III кезек. №8 қазан агрегаты» инвестициялық несиенің 1 418,9 млн. теңге мөлшеріндегі негізгі қарызын өтеу үшін жіберілді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша магистральды құбыр жолдары арқылы су беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі 29,2 млн.м3 құрады, бұл бекітілген тарифтік сметада қарастырылған көлемнен 1,6 млн. м3 немесе 5% - ға төмен.
Химиялық тазартылған суды өткізуден түскен кіріс 1 514,6 млн.теңгені, шығыны 1 361,2 млн. теңгені, пайдасы 153,4 млн. теңгені құрады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайда мен амортизациялық аударымдар Инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған. 2019 жылға арналған бекітілген Инвестициялық бағдарламада магистральды құбыр жолдары арқылы су беру қызметінен көзделген іс-шаралар толық көлемде өз қаражаты есебінен 63,4 млн.теңге сомасында орындалды.
Сондай-ақ, есеп беру барысында реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы және сенімділік көрсеткіштерін сақтау мәселелері, 2019ж. компания қызметінің негізгі қаржылы-экономикалық көрсеткіштері қаралды, есепті кезеңде ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі талданды, басым инвестициялық жобаларды іске асыруды ескере отырып, компанияның қызметі бойынша алдағы жоспарлы жұмыстар белгіленді.