Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік

2020 жылғы мамыр айында «Самұрық-Энерго» АҚ «SKE.01.01.Р «Кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа модельді ендіру», 3-ші толқынын іске қосуды бастады. (бұдан әрі-Жоба).

2020 жылғы 14 мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Б.Жоламановтың төрағалығымен өткен орнату кеңесіне «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Мухамед - Рахимов және Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы М.Ақылбай қатысты.

Бұл қандай жоба? Неге 3-ші толқын? 1 және 2 толқындар қашан болды? «АлЭС» АҚ барлық қызметкерлерін осы сұрақтар мазалайды.

Барлық үш толқын-бұл жобаны енгізудің жеке кезеңдері емес, жобаны белгілі бір аумақта енгізу үдерісі.

3-ші Толқынға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы өңірі – Алматы қаласы мен Алматы облысының еншілес-тәуелді ұйымдары кірді. Олар «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ және «Samruk – Green Energy» ЖШС.

SKE.01.01.Р жобасы – бұл кешенді қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа модельді ендіру.

Бұл жоба-әрбір қызметкердің еңбекті қорғау үдерісіне тартылуына, әрбір қызметкердің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін жауапкершілігіне, әрбір қызметкердің барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын құруына және қолдауға негізделген өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару және еңбекті қорғау жүйесін ұйымдастыруға және жұмыс істеуіне көзқарастың қазіргі заманғы әдістерін айқындайтын ауқымды жұмыс.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

·                   «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің жарақат алу немесе ауыр жарақат алу мүмкіндігін азайту;

·                   Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру үдерісіне қызметкерлерді баулу арқылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру және әрбір қызметкердің осы бағытта қатысуын ынталандыру;

·                   Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау саласында жаңа әдістемелерді/стандарттарды енгізу.

Әрине, жобаның өзін жүзеге асыру, Қоғам қызметкерлерінің еңбекті қорғауды басқаруға қойылатын заманауи талаптарын жүзеге асыруға ой-өрістерін әп-сәтте өзгерте салу оңай мүмкін мүмкін емес. Жобаны енгізу үдерісі 5 тізбекті кезеңге бөлінген:

·                   0 кезең «Жобаны іске қосу» - 2020 жылғы 30 маусымға дейін аяқталуы тиіс және дайындық жүргізу жұмыстарын анықтайды (Жобаны таныстыру, жұмыс топтарының құрамын анықтау т.б.);

·                   1 кезең «Жобаны тұжырымдамалық жобалау» - 2020 жылғы 30 қазанға дейін аяқталуы тиіс және «АлЭС» АҚ ұйымдық құрылымның өзгешелігіне сүйене отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқарудағы құрылымның негізгі ерекшеліктерін айқындайды»;

·                   2 кезең «Жобаны жүзеге асыру» - 2021 жылғы 30 наурызға дейін аяқталуы тиіс және жобаны енгізудің басталуын анықтайды.

·                   3 кезең «Жобаны дайындау және іске қосу үдерістері» - 2021 жылғы 30 шілдеге дейін аяқталуы тиіс және енгізілген процестердің жұмыс істеуін, оларды пысықтауды (кемшіліктер болған жағдайда) және қосымша (қажет болған жағдайда) процестерді енгізуді айқындайды;

·                   4 кезең «Жоба мониторингі және үдерістерді қолдау» - 2021 жылғы 30 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс және барлық процестердің жұмыс істеуін, олардың тиімділігі мен тіршілік әрекетін, бүкіл жобаны іске асырудың аяқталуын анықтайды.

Жобаны енгізудің барлық кезеңдерінде жаңа құжаттар әзірленіп, қажетті оқыту мен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және жобаны енгізудің қол жеткізілген нәтижелері мен алдағы міндеттер туралы ақпарат барлық қызметкерлерге жеткізіліп отырады.

Жобаның әрбір кезеңінің жүзеге асырылуы және тұтастай алғанда барлық жоба барлығына қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін қоғамның әрбір қызметкерінің пікірін, білімін және тәжірибесін талап етеді!