Өндірісте қауіпсіздік мәдениетін арттыру

 

«Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік холдинг ретінде қызметкерлердің жазатайым оқиғаларының көрсеткіштерін төмендетуге бірқатар жұмыстар жүргізуде. Өндірісте еңбек қауіпсіздігін арттыруға компанияның трансформациялау бағдарламасының «өндірістік қауіпсіздікті басқару жөніндегі жаңа модельді енгізу» жобасы ықпал етеді. «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ және «Samruk Green Energy» ЖШС алдағы өзгерістер туралы жобаның демеушісі, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов хабарлады.

Бақытжан Жоламанов ЕТҰ басшыларына өтініш білдіріп, өндірісте қауіпсіздік мәдениетімізді арттыру бағытында жүргізілетін жұмыстар туралы жариялады.

«Жоба қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, жарақаттанудың азаюын және жалпы өндірісте қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Ол қызметкерлердің санасының деңгейін арттыруға және ескірген тәсілдерді өзгертуге көмектесетін жаңа стандарттарды, практикалық құралдарды енгізуді қамтиды», - деп атап өтті демеуші. 6 мыңнан астам қызметкерлі ірі еншілес компанияларды қамтитын жобаның үлкен көлемін ескере отырып, Бақытжан Жоламанов жобаның бірлескен демеушісі ретінде Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпеновті тағайындады. Ол жобаны басқару үшін барлық өкілеттіктерге ие. Бірлескен демеуші атап өткендей, бұл кеңес ұйым көшбасшылары мен басқарушылардың өздерінің ЕТҰ-дағы алдағы өзгерістер туралы дер кезінде хабардар болуына бағытталған. Өйткені басшының жеке үлгісі және оның жеке жауапкершілігі жобаны табысты енгізуге ықпал етуі мүмкін. Жоба жетекшісі Төлеген Максилов мысал ретінде қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін кәсіпорындардың бірінде болған жағдайды келтірді. «Кіріспе нұсқаманы осы кәсіпорында бірінші басшы жүргізді. Алдын-ала жазба жасалды, ол келушілерге, қызметкерлерге және т.б. көрсетілді. Бұл еңбекті қорғау жүйесінің жүргізілуін сырттай қадағалау. Және оның қарамағындағы адамдар да ережелерді бұзбауға ұмтылады». Активтерді өндіру және басқару жөніндегі Басқарушы директор Серік Түйтебаев бірқатар басқа үдерістердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесіне әсерін атап өтті. «Конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізу және тиісті қаржыландыруды бөлу үшін бюджетті жоспарлауға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне, тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруға, тендерлер өткізуге жауапты тұлғаларды жұмылдыру қажет». Арнайы киімді сатып алу немесе уақтылы емес бюджеттеу сияқты тәуекелдер өндірістегі жазатайым оқиғалардың болу себептерінің бірі болуы мүмкін. Кездесу соңында Бақытжан Жоламанов ЕТҰ басшыларына жобаны іске асыру үшін жеке жауапкершілікке алуды және жобалық командаға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Бірлескен демеуші Еділ Көпенов хаттамада жобалау командасының жұмылдыру мерзімін, қажетті құжаттарды дайындау және жобаны бастау туралы бұйрықты бекіту туралы ұсыныс жасады. Жоба ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.