Бейбіт күнді бағалайық

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 75-жылдығын мерекелеу қарсаңында 3-ЖЭО қызметкерлері ерекше 15 тұлғаны: Отан соғысының ардагері Заяц Василий Матвеевичті, 12 еңбек майданының қатысушысы және соғысқа қатысушыларға теңестірілген 3 Ауған жауынгерін құттықтады. Ардақты ардагерлеріміз барлық құттықтауларды өз шаңырақтарында отырып қабылдады. Коронавирус індетінің кесірінен көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

– Бүгін Жеңіс шеруі, «Мәңгі өлмес полкы» және гүл шоқтары да жоқ», – деді 3-ЖЭО Басқарушы директорының орынбасары Марат Әмір. – Дәстүрге айналған әрекеттерсіз-ақ, бұл мереке маңыздылығын жоғалтпайды. Біз әр ардагерді, тыл еңбеккерін, Ауған соғысының ардагерлерін құттықтап қайттық. Жеңіс үшін, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін шын жүректен алғысымызды айттық.

Біздің борышымыз - қаза тапқан батырларды еске алу, қиындықпен келген Жеңістің бағасын әрқашан білу. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан әрбір ардагерге азық-түлік себеті мен біржолғы ақшалай сыйақы берілді.