- Толығырақ
-
30.04.2020
Карантин енгізілген өңірлерде тұратын қазақстандықтарға коммуналдық қызметтер төлемі субсидияланады
Әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына екі ай бойы 15 мың теңгеден жіберіп отырады.
- Төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:
- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
Call-орталық нөмірлері:
+7 (727) 377-74-44.
+7 (727) 341-05-27