Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бастаған жұмыс тобы құрылды, оның құрамына СЭС басшылығы, аудандық әкімдіктердің, Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері және т. б. кірді.
Бүгін жұмыс топтары 3000-нан астам медицина қызметкері тұратын 28 нысанды аралап шықты. Топ мүшелері дәрігерлердің тұру, тасымалдау және тамақтану жағдайларын тексерді.
Сондай-ақ партияның Алматы қалалық филиалы меценат Вахид Гасановпен бірге 300 литр антисептикалық құралдар мен 500 килограммнан астам жеміс-жидектерді медқызметкерлерге ұсынды.