Қайырымдылық–қадірлы іс

Қапшағай ГЭС жұмыскерлері #BIZBIRGEMIZ акциясына қатысты. Қайырымдылық көмекті 11мұқтаж отбасы алды.

   

Елдегі жұқпалы індетке байланысты жалпы өзін-өзі оқшаулау режиміндегі көптеген адамдарға, әсіресе қарт адамдарға, көп балалы және мұқтаж отбасыларға қолдау қажет.

   

#Bizbirgemiz акциясы қарапайым тұрғындарды, кәсіпкерлерді және ірі компаниялардың өкілдерін біріктірді. Қапшағай ГЭС кәсіпорнының жұмысшылары өз қаражаттарына азық-түлік себеттерін, қаламыздың 11 мұқтаж отбасына гигиеналық құралдарды дайындады. 

   

- Станция ұжымы «Nur Otan» партиясының #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдап, қайырымдылық акциясын өткізді. Атаулы акцияға кәсіпорынның жастар ұйымының өкілдері белсене қатысты. Бір жұмылдырықтай жұмылып, біз бәрін жеңеміз, бірге табысқа жетеміз, - деп атап өтті Қапшағай ГЭС Басқарушы директоры Бақдәулет Устенов.

   

#BIZBIRGEMIZ акциясын мыңдаған қазақстандықтар қолдады. Қапшағай ГЭС ұжымына  ерекше алғысымызды білдіреміз!