АлЭС штаттық режимде жұмыс жасауда

«Алматы электр станциялары» АҚ барлық департаменттері штаттық режимде жұмыс істейді. Жылдың басынан бастап электр энергиясын өндіру 1 427,2 млн.кВтс, жылу энергиясын жіберу 1 904,8 мың Гкал құрады.

Қазір үш қазандық, бір турбина ағымдағы жоспарлы жөндеуде және екі гидроагрегатқа, оның ішінде біреуіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Каскад ГЭС-те алты гидроагрегатты жөндеу аяқталды.

- Төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде компания жұмыскерлері коронавирустық жұқпаның таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды. Күніне екі рет дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, жұмыс және тұрмыстық орын-жайларда санитарлық өңдеу жүргізіледі. 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС және «Энергожөндеу» ӨЖК персоналдарын тасымалдайтын көліктерде санитарлық өңдеуден өтеді. «АлЭС» АҚ жұмыскерлерінің ҚР аумағы бойынша қызметтік іссапарлары шектелді және ҚР шегінен тыс іссапарларға тыйым салынды. Барлық спорттық және мәдени-бұқаралық іс- шаралар тоқтатылды, - деп атап өтті Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай.

Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі- «АлЭС» АҚ-ның басты басымдығы.