ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯ ҮШІН ҚАРЫЗДАРЫ ТУРАЛЫ SMS АРҚЫЛЫ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІнен БІЛЕ АЛАДЫ

Сондай-ақ төленбегені туралы хабарламаны электрондық пошта немесе телефон арқылы алуға болады.

Қазақстандықтар электр энергиясы үшін қарыздары туралы SMS, телефон немесе электрондық пошта арқылы біле алады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов мәлімдеді.

Ол электр қуатын пайдаланудың өзгертілген ережелерінен кейін жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Қайрат Рахимовтың айтуынша, тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін өзгерістер күшіне енді.

Электр энергиясын пайдалану ережесі 2015 жылдың 20 ақпанынан бастап күшіне енді. Іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ. Бұрын электр энергиясы үшін қарыз туралы жіберілген хабарламалар жоғалып кететін еді. Көбінесе тұтынушы электр қуатының ажыратылу қаупі төнгенін білмей де қалатын. Енді энергиямен жабдықтаушы ұйыммен шарт жасасу кезінде тұтынушы төлем жасалмағаны туралы қалай хабар алғысы келетінін өзі таңдауға құқығы бар. Бұл электрондық пошта, SMS, телефон қоңырауы, электрондық портал немесе қарапайым түбіртектер», – деп түсіндірді вице-министр.

Енді, оның айтуынша, егер тұтынушы қандай да бір себептермен шотты төлемесе, қызмет беруші оған хабарлама жібереді – мысалы, SMS.

«Ол төлем жасау керектігі туралы хабарлама алады, әйтпесе хабарлама жіберілген сәттен бастап 30 күн өткеннен кейін оны электр қуатынан ажыратады», – деді Қайрат Рахимов.