АлЭС «Алматы ауасы» панельдік пікірталасқа қатысты

Алматы қаласының экологиялық мәселесін кешенді шешу қажет

2020 жылғы 24 ақпанда АлЭС өкілі азаматтық қоғамның қатысушыларымен және мемлекеттік мекемелердің сарапшыларымен бірге қаланы тұман басуы жайында Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар тыңдалды.Сессия «Трансформа» кеңістігінде «Қазақстанның жастар ақпарат қызметі» бастамасы бойынша өткізілді.

АлЭС панельдік сессиясының жұмысына Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Рамиль Галиев қатысты.Пікірталасқа сарапшылар ретінде «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысының белсендісі Ажар Жандосова, Қазақстанның Қоғамдық ұйымдары экофорумының төрағасы Вадим Ни, Денсаулық және қоршаған орта ғылыми-зерттеу зертхананың меңгерушісі Денис Винников, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері Жанар Елтаева, Алматы әкімдігі жанындағы Экожүйелерді тиімді басқару қызметінің басшысы Ержан Құсайынов сөз сөйледі.Рамиль Галиев жастарға компанияның табиғатты қорғау іс-шаралары саласындағы жұмысы туралы әңгімеледі:

- Соңғы 15 жыл ішінде барлық энергия кешені жаңғыртылды. Бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі және мемлекеттік органдармен бақыланады.Осылайша, 1-ЖЭО 2017 жылдан бастап газбен жұмыс істейді. 2009-2012 жылдар аралығында «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО барлық қазандық агрегаттарын 99,2% тазалау дәрежесімен тазарту құрылыстарымен жабдықтады. Ең жақсы қолжетімді технологияларға сәйкес жанарғы құрылғыларына жаңғырту жүргізілді.«АлЭС» АҚ-ның табиғат қорғау іс-шараларын орындауға арналған жалпы шығындары 2007 жылдан бастап 2018 жылға дейін 30,6 млрд.теңгені құрады. Нәтижесінде «АлЭС» АҚ-ның жиынтық шығарындылары 26% - ға, 2007 жылғы 50 мың тоннадан 2018 жылы 37 мың тоннаға дейін төмендеді. 2-ЖЭО жаңғырту жобасын іске асырудың «Жол картасы» әзірленді. 2019 жылғы қарашада «Казэнергкәсіптік ҒЗЖІ» АҚ-мен 2-ЖЭО жаңғырту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде шарт жасалды. ТЭН алдын ала қорытындысы 2020 жылдың сәуір айында қала жұртшылығына ұсынылатын болады.

      

Барлық сарапшылар өз қызметінің бағыты бойынша сөз сөйледі. Панельдік сессияға қатысушылар Алматы қаласының экология мәселесін тек ЖЭО-ны жаңғыртумен ғана шеше алмайтыны туралы қорытындыға келді. Мәселені кешенді шешу қажет. Ең бастысы қала тұрғындарын алаңдататын жағдай әсем қаламыздың тазалығы.