Цифрлық трансформация бағдарламасы ЕТҰ-ның даму мүмкіндігіне жол ашады

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформация офисінің командасы «Алматы электр станциялары» АҚ жұмыскерлерімен кездесті. Бұл компаниялар тобының қатарындағы ең ірі, әрі ескі ЕТҰ-ның бірі. Мысалы, холдинг қызметкерлері сонау соғысқа дейінгі жылдары бастау алған 1-ЖЭО-ге барып қайтты. 

«АлЭС» АҚ ауқымды өндірістік активі Алматының орталық және шығыс бөлігінің 70% электр энергиямен және 76% жылу энергия жылуымен қамтамасыз етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ цифрлық трансформация офисінің командасы барған 1-ЖЭО 1935 жылы іске қосылды. Жабдық ретінде парктің ескіруіне байланысты, бірқатар бақылау-өлшеу аспаптары, жаңа технологияларды қолдану қажет.

1-ЖЭО басқарушы директоры Исахан Сырғабаев «АлЭС» АҚ кезеңмен цифрлық технологияларды қолдануға көшетінін айтты: 2017 жылы 1-ЖЭО-де турбоагрегаттардың біріне діріл және технологиялық параметрлерін мониторингілеу жүйесі енгізілді. Ол турбоагрегатты басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 1-ЖЭО бас басқару пульті ЭКЕАЖ жүйесімен жабдықталған. 2017 жылы станция қаланың экологиясын сақтау мақсатында көмірден газ жабдығына толығымен көшті».

     АлЭС процестерді өз күшімен оңтайландыруды бастады. Владимир Ким басқаратын әдістеме және трансформация бөлімі құрылды. Ол бюджеттеу, жоспарлау, сатып алу бағыттарын қамтитын базасында құрылған жүйе туралы әңгімеледі.

     «Самұрық-Энерго» АҚ трансформация офисінің командасы АлЭС инфрақұрылымына сай келетін бірқатар цифрлық шешімдерді таныстырды. «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов цифрлық трансформация бағдарламасы аясында станциядан идеялар мен ұсыныстарды қарауға дайын екенін атап өтті.

«Цифрлық трансформация бағдарламасы жобаларының Портфелін жаңарту кезеңінде АлЭС цифрландыру аясындағы басымдықтарды бірлесіп анықтау қажет. Трансформация бағдарламасы – бұл әрбір ЕТҰ үшін даму мүмкіншілігіі. Бұл процеске кез-келген қызметкер қатыса алады»

Жыл басында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов – ұсыныстар мен идеяларды ұсынудың қабылдауын ашық деп жариялады. Жобаның негізіне жататын ең жақсы идея-ақшалай сыйақымен марапатталады.