ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007, ISO 50001:2011 сертификаттарының қолданылу мерзімі ұзартылды
«АлЭС» АҚ-да «TUV NORD» халықаралық сертификаттау ұйымының аудиторлары 2020 жылғы 10-12 ақпан аралығында МБЖ бақылау аудитін жүргізді.
Бақылау аудиті шеңберінде халықаралық стандарттың барлық талаптарының орындалуы тексерілді. - Компанияда МБЖ-ға қатысты басшылықтың қатысуы, сондай-ақ жұмыскерлердің қанағаттанушылығын бағалаудың жоғары дәрежесі байқалады, - деп атап өтті аудитор Қанат Шалғынбаев.
Аудиторлардың қорытындысы: ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007, ISO 50001:2011 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімін ұзарту.