Көру қабілетін жақсартайық

 

2020 жылғы ақпан айында «Здоровое Зрение» атты халықаралық ресейлік компаниясы «АлЭС» АҚ бас кеңсе қызметкерлеріне екі күн бойы скрининг жүргізді.Іс-шараның негізгі мақсаты: миопия, пресбиопия, астигматизм, анизометропия, астенопия және т.б. сияқты көрудің бұзылуын, сондай-ақ катаракта, птеригиум сияқты ауруларды анықтау.Көрудің бұзылуы анықталған қызметкерлерге оптикаға рецепт жазылып, ауру анықталған жағдайда офтальмолог дәрігеріне тереңірек тексеру үшін жолдама берілді.

 

 

 

- Жұмыс орнынан кетпей, көруді тексеру өте ыңғайлы. Компания мамандарының кәсіби біліктілігін атап өту қажет,-деді Корпоративтік даму басқармасының бас маманы Даяна Адам-Юсупова.              Акция аясында әлемдік өндірушілердің оправалары бар корей линзалары көрсетілді. Ұсынылған өнімді оптометристерден сатып алған адамдар да болды.

Мұндай іс-шараларды компания департаменттерінде де өткізу жоспарланып отыр.