1-ЖЭО Басқарушы директорының Жылу энергетика және жылу техника институтының студенттерімен кездесуі

АЭБУ 45-жылдығын мерекелеу аясында 2020 жылғы 13 ақпанда АЭБУ-дың 1982 жылғы түлегі 1-ЖЭО Басқарушы директоры Сырғабаев Исахан Ақтанұлының Жылу энергетика және жылу техника институтының студенттерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында И.А. Сырғабаев «Алматы электр станциялары» АҚ қызметінің түрлері мен негізгі бағыттары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, студенттерге практикадан өту тәртібі, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу студенттердің қызығушылығын тудырды.

Кездесу барысында ЖЭО-дағы жұмыстың кәсіби аспектілері бойынша диалог өтті, сонымен қатар студенттер «АлЭС» АҚ-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы мағлұмат алып, өз тілектерін білдірді. 1-ЖЭО Басқарушы директоры кездесуге белсенді ат салысқан он қатысушыға «АлЭС»АҚ атынан сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі таңда «АлЭС» АҚ мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭБУ арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Келісімдер шеңберінде «АлЭС» АҚ үшін мамандарды мақсатты даярлауды ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастықты дамыту көзделген.