ЭНЕРГЕТИКТІ алға жетелейтін қасиеттер ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК, ШЫДАМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰСТАМДЫЛЫҚ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

2020 жылдың ақпан айында Алексей Андреевич Ким 60 жылдық мерейтойын атап өтті, 38 жыл бойы  Алматы 1-ЖЭО-де үздіксіз еңбек етудеі

Алексей Андреевич 1960 жылы 11 ақпанда дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін кәсіби техникалық училищеге түсіп, газэлектрдәнекерлеуші мамандығын игерген. Жоғары білімді Жылу энергетикасы мамандығы бойынша алды

1982 жылы Алматы 1-ЖЭО қазандық цехына қазандық жабдықтарын жөндеу бойынша слесарі болып жұмысқа орналасты. Еңбек сіңірген энергетик мансабы осылай басталды 

Алексей Андреевич слесарьден бастап 1-ЖЭО Бас инженеріне дейінгі ұзақ, әрі қиын жолын бастан кешсе де, біраз жыл бұрын энергетик боламын деп қабылдаған шешімінің қазіргі таңда ең дұрыс шешім болғанына қуанады. Өйткені, өзін ауқымды өндіріс пен өмірлік маңызды процесс, яғни  электр энергиясы мен жылу өндірісінің бір бөлігі ретінде сезіну – бұл үлкен бір бақыт.

- «Өзімнің мамандығыма деген құрметім, адалдығым болар, дәл осы күнге дейін барлық қиындыққа төзе білдім, әрі осы сезім маған өндірістегі неше түрлі жағдайларды жеңуге күш береді», - дейді Алексей Андреевич.

Алексей Андреевич өзінің барлық еңбек қызметі үшін жауапкершіліктің жоғарылауына қарамастан, ешқашан мамандығын өзгерту туралы ой туындамағанн. Мүмкін, бұл өз ісіне деген адалдық пен сүйіспеншілік және сәттіліктің басты құпиясы болар. Өйткені, адам бақытты егер жасап жатқан кәсібің, сүйікті ісіңе айналып, қуаныш әкелсе.

- Менің жоғары дәрежелі маман ретінде қалыптасуымның тағы бір себепкері «тәлімгер» командасындағы қозғалыс маңызды рөл атқарды. Л.Н.Сильвестров, К.Х.Хасенов және т. б. сияқты кәсіби мамандар маған жұмысқа деген үлкен тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды үйреттіі, бұл маған білікті басшы болуға, жұмыстың прогрессивті және экономикалық мақсатты әдістерін қолдануға мүмкіндік берді. Сондай-ақ өндірістің аса маңызды учаскелеріне назар аударуға, өз бетінше техникалық шешімдер қабылдауға және станция жабдығы жұмысының экономикалық көрсеткіштерін арттыруға бағытталған бірқатар өнертапқыштық ұсыныстар әзірлеуге септігін тигізді. Осы ұсыныстардың арқасында өндірісте айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткіздік.

Алексей Андреевичтің өмірдегі басты жетістігі-оның отбасы. Бүгінде ол екі керемет баланың әкесі, оның мақтанышы. Алексей Андреевичтің ұлы-Алексей әкесінің жолымен жүруді шешті және өзінің еңбек жолын энергетикада бастады. Қазіргі уақытта Алексей АТУ бастығы қызметін атқарады және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды. Алексей Андреевич өзінің үлкен тәжірибесі мен білімін барлық жас мамандармен бөліседі, әрине, оның ізбасарлары арасында ұлын көру екі есе жағымды. Өйткені, өз мамандарын дайындау және жетілдіру және оларды білікті оқыту тәжірибелі энергетиктердің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені олардың әрқайсысының артында өндірісте үлкен тәжірибесі бар.

2006 жылдан бастап 14 жыл бойы Алексей Андреевич 1-ЖЭО бас инженері болып жұмыс істейді. Бас инженердің жұмыс күнінің әр таңы станциясыны айналып, қарап шығудан басталады: жабдықтың, жұмыс орындарының жағдайы және жалпы станциядағы жағдайын тексереді. Күні бойы ағымдағы мәселелер, штаттан тыс жағдайлар және тағы басқалары қаралады. Көшелердің жарқырауы, зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысы, миллиондаған адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету- айтарлықтай ресурстық шығындарды ғана емес, сонымен қатар энергетиктердің кәсіби, тәулік бойы қажырлы еңбегін талап етеді.

Алексей Андреевичтің өзі энергетиктің табысты мансабының басты құрамдастары-еңбексүйгіштік, шыдамдылық, ұстамдылық және дұрыс шешім қабылдай білу және төтенше жағдайларда сабырлық сақтау деп санайды.

- Я горжусь тем, что выбрал путь энергетика и внес вклад в развитие энергетики. И мой труд оценили званием Заслуженого энергетика Казахстана. И рад, что на моей родной станции уже работают и будут работать специалисты высокого уровня и в том числе хочу видеть своего сына. И пожелать всем энергетикам успехов и семейного благополучия.