Алматы электр станцияларының апат алдындағы жұмыс тәртібі 18.30-ға дейін қалпына келтіріледі – АлЭС

АСТАНА, 24 қыркүйек. Қазақстан жаңалықтары АА. / Елена Бережная / - Алматы электр станцияларының апат алдындағы жұмыс тәртібі дүйсенбі күнінің 18.30-ға дейін қалпына келтіріледі деп «Қазақстан жаңалықтары» агенттігіне «Алматы электр станциялары» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

24 қыркүйекте сағат 14:44-те Алматы 220 кВ қосалқы станциясының (ҚС) 1-ші шиналар жүйесінде жоспарланған жұмысы барысында апаттық түрде қорғаныштардың іс-қимылы арқасында Алматы 220 кВ қосалқы станциясының 2-ші шиналар жүйесі өшірілді. Бұл ретте Алматы энергия торабының үлкен тапшылығы (500 МВт дейін) тұтынушыларды ажыратуға және өңірдегі электр станцияларда электр энергиясын өндіруде елеулі шығынға әкеліп соқты.

14:57-де жүйелік операторымен Алматы 220 кВ ҚС 1-ші шиналар жүйесі қосылды, кернеу берілді, электр станцияларда жүктемелерді жинауға команда берілді. 15:30-да барлық электр станциялар жоспарлы жүктемеге жетіп, 15:50-де негізгі тұтынушылар қосылды. «Апат нәтижесінде «KEGOC» АҚ «Алматы-500» қосалқы станциясында Алматы қаласында электрмен жабдықтау жүйесі өшірілді және «Алматы электр станциялары» АҚ электр станцияларын елеулі шығынға әкеліп соқты». Қазіргі кезде апат алдындағы жұмысың қалпына келтіру бойынша жұмыс атқарылуда, жүктеме астында Қапшағай ГЭС, 2-ЖЭО, ГЭС Каскады қосылды. 1-ЖЭО және 3-ЖЭО бүгінгі күннің сағат 18.30-ға дейін іске қосылады», - компанияның баспасөз қызметі оның бас инженері Гази Исмухмбетовтың сөздерін келтірді.