Кадрлар бәрін шешеді, олар өз ісінің маманы болуы керек...

1-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бастығы Жаңбыршы Даулен Сәдуақасұлы өзінің еңбек жолы туралы әңгімелейді.

Бала кезімде мен футболшы боламын деп армандайтынмын. Бұл спортты өте жақсы көремін және әлі де футбол ойнағанды ұнатамын. Алайда, 10-шы сыныпта мен энергетик болуды шештім. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы энергетика институтының электромеханикалық факультетіне оқуға түстім. Әскерден кейін «ЭСАМ» монтаждау басқармасында электр монтаждаушы болып жұмыс істедім, ол 2-ЖЭО, 1-ЖЭО, ГРЭС және КСРО-ның басқа да энергия компанияларында жұмыстар жүргізді. 1988 жылдан бастап бес жыл «Казцветметмаш» ҮЕҰ электр монтаждаушысы болып жұмыс істедім.

- Дәулен Сәдуақасұлымен біз сексенінші жылдары 2-ЖЭО-да таныстық. Мен Ростов облысынан келіп, станцияда тәжірибе өттім. Бұл кең пейілді жан. Дәулен Сәдуақасұлы әрдайым алдыңғы қатарда болды. Біз бірнеше жыл бірге еңбек етудеміз. Бірге монтажшы болып жұмыс істедік, сондықтан станцияны бес саусақтай білеміз. Біз жалақыға да қарамайтын едік, мүмкін жастық болар, бастысы – қалада жылу мен жарық болу керек. Тіпті қажет болған жағдайда, жұмыстан тыс қалатынбыз. Біз коммунистер дәуірінің адамымыз ғой,-деп бөлісті 1-ЖЭО кезекші электр слесарі Галина Оразова.

1993 жылы Алматы 2-ЖЭО-ға жұмысқа орналастым. Станцияда электр слесарьден жылу автоматикасы және өлшеулер цехы бастығының орынбасарына дейін көтерілдім. Маған тәлімгер, мұғалім ретінде Алматы 2-ЖЭО ЖАжӨЦ бастығы Сисенбаев Серго Сисенбаевич үлкен қолдау көрсетті. Бұл нағыз кәсіби маман, әрі керемет жан. Оның басшылығымен мен маман ретінде қалыптастым. Ол маған көп нәрсе үйретті. Электрлік және технологиялық схемаларды есте сақтаған Серго Сисенбаевич біздің қателіктерімізді көрсетіп, өзінің кәсібилігі мен парасаттылығымен таң қалдырғаны есімде.

- Дәулен Сәдуақасұлымен осы салада таныстық. Таныстығымыз 1996 жылы «АлматыЭнерго» жанындағы 2-ЖЭО-ға жұмысқа орналасқанда орын алды. Менің энергетик ретінде қалыптасуыма ол үлкен үлес қосты. Ол маған барлық нәрсені үйретті. Мен оған көмегі мен көрсеткен қолдауы үшін өте ризамын, - деді 1-ЖЭО басқарушы директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Мұхтар Ерғарин.

Біздің кезіміздегі жастар мансап туралы армандаған емес. Біздің басты тілегіміз өз халқымызға, елімізге пайда әкелу болды. Бұл сонау кеңес дәуірінің көзқарасы шығар. 2006 жылдан 2010 жылға дейін Петропавл 2-ЖЭО-да ЖАжӨЦ өндірістік учаскесінің шебері болып жұмыс істедім. Кейін Алматы қаласына оралып, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС БӨАжА қызметінің аға шебері болып жұмысқа орналастым, бір жылдан кейін БӨАжА қызметінің бастығы болып тағайындалдым. Соңғы бес жыл бойы «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бастығы болып жұмыс істеймін.

Ұжымды басқару үлкен жауапкершілік. Отыз адамның жұмысын бір жақсы жұмыс істейтін механизм ретінде ұйымдастыру өте қиын. Бірнеше өндірістік нұсқаулар бар: қанша адам болса, сонша көзқарас бар ғой. Біздің орнымызға келетін жастар арасында өз тәжірибесі мен білімін бере алатын еңбекқор, мақсатты, ізденгіш, жігерлі адамдар көп екендігі қуантады.

- Біз тоқсаныншы жылдардың соңында 2-ЖЭО-да таныстық. Дәулет Сәдуақасұлы өте позитивті адам, оның кез-келген жағдайда сарқылмас оптимизм сезімі бар. Бұл маған өте ұнайды. Қазір мен оның басшылығымен 1-ЖЭО-да жұмыс істеймін. Дәулен Сәдуақасұлы жауапкершілігі мықты адам. Уақытында ол барлық тапсырмаларды орындайды, қол астындағылардан нақты орындауды талап етеді. Ол кез-келген адамның көңілін таба алады, яғни адаммен тез тіл табысады. Маған ол кісімен бірге жұмыс істеген ұнайды, әрі ұжымда үлкен құрметқе ие. Ол кез-келген адамды мұқият, зейін қойып тыңдайды,-деп атап өтті 1-ЖЭО жылу автоматика және өлшеулер цехы бастығының орынбасары Керім Жамбаев.

Мен тәртіпті ұнатамын. Таңертең жетіге таман жұмысқа келемін. Барлығын аралап, жабдықтың жұмысын тексеремін. Өзім 1-ЖЭО-ға жасым келгенде келгесін болар, менің басты міндетім-ойлары бір жерден шығатын ұжым қалыптастыру. Өйткені, жабдықтың, дабылдың, жетектің үйлесімді жұмысы үшін бізде үлкен жауапкершілік бар. Мұнда керемет команда, ауызбіршілігі мол, достық қарым-қатынаста, бір-біріне қолдау көрсете білетін ұжым.

- Мен Дәулен Сәдуақасұлын аға буынның сауатты, өз ісінің шебері ретінде танимын. Бұған мен Алматы энергетикалық институтының студенті бола тұра көз жеткіздім. Менің ойымша, Дәулен Сәдуақасұлының білімі мен шеберлігі біздің энергетикамызға энергетиканың қалыптасуының қиын кездерінде де, болашақта да айтарлықтай дәрежеде көмектесті. Қазір ол энергия өндірісінің ең зияткерлік құрамдас бөліктерінің бірін ала отырып, өзінің тегін, Жаңбыршы әулетін лайықты танытып отыр, - деп атап өтті 1-ЖЭО күрделі құрылыс секторының жетекші инженері Жанболат Жаңабеков.

Станциядағы менің сүйікті жерім-қалқан орналасқан жер. Мұндағы барлық құрылғыларды жақсы білемін. Қалқанның үстінде мен өзімді жайлы сезінемін және түсінемін. Уақыт орнында тұрмайды. Бәрі өзгереді, жақсарады. Әрине, заманауи құрылғыларды енгізіп, автоматтандырып, қашықтан басқарғымыз келеді.

- Дәулен Сәдуақасұлы - өз ісінің шебері. Менің 1-ЖЭО-дағы жұмысымның бірінші айында ол жылу автоматикасы цехының жұмыс процестерін, өзгерістерді егжей-тегжейлі айтып, көрсетті, сол үшін оған үлкен рахмет. Дәулен Сәдуақасұлының бастауымен цехтағы жұмыс үйлесімді ұйымдастырылған, ұжымда о өте жоғары бағалайды. Ол әрқашан өз жұмысын орындауға жауапкершілікпен және мұқият қарайды. Даулен Сәдуақасұлы позитивті, жігерлі, еңбекқор және жанашыр. Осындай керемет адаммен жұмыс жасағаныма қуаныштымын! – деп мақтана бөлісті 1-ЖЭО өндірістік-техникалық басқарма бастығының орынбасары Әлішер Молдажанов.

Өмірдегі басты қағидаларым - менің өсиеттерім: адалдық, еңбексүйгіштік, әділеттілік, оқу, оқу және тағы да оқу! Сондықтан мен энергетиктердің жас буынына оқуға, алға қойған мақсаттарына жетуге, жан-жақты дамуға, көп жұмыс істеуге кеңес беремін. Әр түрлі жағдайларда, әртүрлі білім қажет, білгеннен қор болмайсың демекші, сондықтан бәрі пайдалы. Мен әлі де оқуды жалғастырамын. Менің ойымша, энергетик еңбекқор, ізденгіш, білімге құштар болуы керек. Кадрлар бәрін шешеді-олар өз ісінің маманы болуы керек, сондықтан біз көп жұмыс істеп, оқып, өз шеберлігімізді жетілдіруіміз керек. Өмір тамаша! Бәрі керемет болады!

Сүйікті кітаптары

Омар Хайям «Рубаи».

К. Душенко «Мастера афоризма».

Элизабет Элен Блэкберн и Элисса Эпель«Эффект теломер».

Харуки Мураками «О чем я говорю, когда говорю о беге».

Р.Киплинг «Рассказы».