Партия билеттерін табыстау

2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Энергетик күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының мүшелеріне партиялық билеттер тапсырылды.

«АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымы өз қатарында 863 адамды біріктіреді. Енді олардың саны толықты. «Nur Otan» партиясының Әуезов аудандық филиалында партия билеттері табысталды:

        Апимолданова Анарға, Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің хатшысы;

     Мұратәлі Меруертке, Перспективалық даму және инвестициялар басқармасының бас маманы;

     Сизов Владимирге, Жөндеу басқармасы жөндеуді жоспарлау қызметінің бастығы.

«АлЭС» АҚ ұжымы «Nur Otan» партиясының дамуы мен нығаюы жолында табыс пен жемісті жұмыс тілейді.