Кәсіподақ марапаттары

 

«АлЭС» АҚ-да барлық қызметкерлер кәсіподақ мүшелері болып табылады. Кәсіподаққа мүшесі бола отырып, қызметкер ең алдымен белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер алады. Бұған тегін заң көмегі, кепілдіктер мен өтемақылар, қызметкердің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу кіреді.

Мереке қарсаңында «Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» АКБ Құрмет грамотасымен марапатталды:

 ·        Гаухар Ибраимбекова, «Алматы электр станциялары» АҚ Экономика басқармасы тарифтер бөлімінің бастығы, «АлЭС» АҚ Бас кеңсе кәсіподақ комитетінің мүшесі, «АлЭС» АҚ келісу комиссиясының мүшесі;

 ·        Талғат Мұхаев, «Алматы электр станциялары» АҚ Отынды қабылдау және түсіру орталығы департаментінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының бастығы.                  «АлЭС» АҚ Отынды қабылдау және түсіру орталығы Кәсіподақ комитетінің төрағасы;

 ·        Сергей Блажко, «Энергожөндеу» ӨЖК қазандық учаскесінің слесарі.

«АлЭС» АҚ ұжымы әріптестерін шын жүректен құттықтап, еңбекте табыс және белсенді азаматтық ұстаным тілейді.