COVID-19-ДАН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

Қазіргі коронавирустық пандемия (COVID-19) әлемде бұрын-соңды болмаған жағдай туғызды. «АлЭС» АҚ коронавирус жұқпасының таралуын алдын алуға және оған жол бермеуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Компанияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі нақты құрылған. «АлЭС» АҚ-ның денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатымен өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығы айқындалды. Осы қағидат негізінде Компания қызметкерлерді COVID-19 коронавирус жұқпасынан жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.

- ҚР аумағында 2020 жылдың наурыз айында төтенше жағдай режимі басталғаннан бері және Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында карантиндік және шектеу шараларын енгізу үшін COVID-19 таралуын болдырмау және алдын алу үшін: медициналық бетперделер – 400 000 дана; бір реттік қолғаптар – 53 800 жұп; байланыссыз лазерлік термометрлер – 20 дана; санитайзерлер – 20 дана, антисетикалық құралдар сатып алынды, - деп атап өтті Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Марат Ақылбай.

«Энергожөндеу» ӨЖК күшімен 6 санитарлық туннель құрастырылды, олардың жиынтықтарын Компания сатып алды.

Компанияның covid-19-дан жеке және ұжымдық қорғану құралдарына жұмсалатын жалпы шығындары 40 млн теңгеден астам соманы құрады.

 

Ақылбай Мараттың айтуынша, Компания барлық құрылымдық бөлімшелерде коронавирус жұқпасының алдын алу және болдырмау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.