Тәлімгерлік туралы ең үздік ролик

2020 жылдың желтоқсан айының басында «АлЭС» АҚ командасы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік құндылықтары» атты бейнероликтер конкурсының қорытындысы бойынша «Тәлімгерлік туралы үздік ролик» атағын алды. Роликті Каскад ГЭС жұмысшылары дайындады: кадрлар секторының бас маманы - Нағашбек Назерке, электротехникалық зертхана бастығы- Өмірәлиев Рысбек, электр машина цехының бастығы Киселев Сергей Васильевич, автоматика жөніндегі инженер- Әбікен Аслан.

- Байқау жарияланғаннан кейін әріптестерімізбен бірге компанияның құндылықтары туралы бейнеролик жасап қатысуға ниет білдірдік, деп атап өтті Нағашбек Назерке. Бейнероликтің сценарийін жасамас бұрын, біз тақырыптарды ұзақ талқыладық. Ойлана келе, тәлімгерлік туралы бейнеролик түсіруді ұйғардық, өйткені өндіріс табалдырығын аттап, ұзын еңбек жолын бастағалы жүрген жас мамандар үшін маңызды болады деп шештік. «Жоғары оқу орны – кәсіби қызмет саласы» заманауи білім беру кеңістігінде жас мамандардың жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби бейімделуіне ықпал ететін өзара іс-қимылдың нақты тетіктері жоқ екенін мойындау керек. Мен кадрлар бөлімінің маманы ретінде жоғары оқу орындары түлектерінің үштен екісі өздерін жаңа өндіріс жағдайында бейімделе алмай, кәсіби өсу мен мансапты дамыту үшін өз әлеуетін сезінбейтінін жақсы түсінемін. Мұндай жағдайда тәлімгерлік жүйесін дамытып, жас мамандардың кәсіби бейімделуіне ықпал ететін тиімді әдістерінің бірі болуы мүмкін.

Электр машина цехының бастығы Киселев Сергей Васильевич роликте тәлімгер болды.

- Тәлімгерлік ету менің тәжірибемде бар, өйткені жұмыс бабы бойынша жоғары оқу орнын бітірген немесе өндірісте еңбек қызметін бастаған жастармен жұмыс істеуге тура келеді, - деп жалғастырды Сергей Васильевич. - Бейнеролик жасалған алғашқы күннен бастап біз жұмысқа белсене қатыстық, нәтижесінде өте қызықты болып шықты. Бізге Каскад ГЭС-нің барлық қызметкерлері көмектесті. Осы байқаудың арқасында ұжымдағы бірлік одан әрі күшейе түсті.

 

 

Өмірәлиев Рысбектің айтуынша, бейнероликтер түсіру-оның хоббиі екен. Ол роликті қуана жасай бастады. Біз материалдарды екі күнде түсірдік, күніне 2 сағат жұмсадық. Оның пікірінше, ең қиыны монтаждау процесі болды. Бір аптаға жуық барлық материалдар монтажталды.

Компанияда көптеген керемет, шығармашылық дарынды адамдар жұмыс істейді. Ролик жасаудың барлық қатысушылары «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Алматы электр станциялары» АҚ ұжымы Каскад ГЭС жеңімпаздарының командасын құттықтайды. Шығармашылық жаңалық пен жаңа жеңіс тілейді.

Роликті төмендегі сайттан көруге болады:

https://www.ales.kz/ru/component/nvideogallery/?view=nvideogallery