Кадрлық резерв – компания болашағының негізі

2020 жылғы 4 желтоқсанда «АлЭС» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің кадр резервімен кездесуі өтті. Кадрлық резервті қалыптастыру компанияның үдемелі дамуының және оның кадрлық әлеуетін күшейтудің жалпы тұжырымдамасына сәйкес келеді.

 

- Компанияда әр түрлі бағдарламалар бойынша кадрлық резервті дамыту және оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі: тағылымдамалар, өндірістік практикалар, семинарлар, біліктілікті арттыру және т.б. АлЭС Алматы энергетика және байланыс университетімен және Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжімен белсенді ынтымақтасады, жыл сайын өндірістік практикалар ұйымдастырылады, осы мекемелердің түлектері жұмысқа қабылданады, - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. – «АлЭС» АҚ зейнеткерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік бағдарламалары бойынша персоналды оқыту процесіне, персоналды даярлау бөліміне біліктілікті арттыруға тартылады. Тең мүмкіндіктерді ілгерілетуге көп көңіл бөлінеді, стратегиялық кадр резервінде әйелдердің 26% - ы ұсынылған.

Кадрлық резервтегі әрбір қызметкер өзі туралы, негізгі кадрлық қозғалыстар туралы, өткен оқыту, тағылымдамалар туралы, жобаларға қатысу және т. б. туралы айтып берді.

Алматы және Алматы облыстарын жылумен және электрмен жабдықтаудың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін компанияның алдағы 5-10 жылдағы жоспарлары мен даму перспективаларымен Директорлар кеңесінің төрағасы Серік Төтебаев бөлісті.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар компания ішінде мансаптық өсудің нақты мүмкіндігі туралы хабардар болу қызметкерлердің жеке құзыреттілігін арттыруға деген қызығушылығын танытып, қызметкерлердің адалдық деңгейін арттыратынын атап өтті.