2021-2025 жылдарға арналған суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру реттелген қызметіне тарифтердің шекті деңгейлерін бекіту туралы

«Алматы электр станциялары» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қ. бойынша департаментінің №127-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің №162-НҚ 2020 жылғы 12 қарашадағы бірлескен бұйрықтарымен 2021-2025 жылдарға суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің шекті деңгейлерінің бекітілгендігін тұтынушыларға хабарлайды.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің шекті деңгейі келесіні құрайды:
2021 жылғы – 59,94 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз) (2020ж. қолданыстағы тариф деңгейінде сақталған);
2022 жылғы – 60,86 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз);
2023 жылғы – 60,99 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз);
2024 жылғы – 61,07 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз);
2025 жылғы – 61,15 теңге/м 3 (ҚҚС есебінсіз).