Өндірістік қауіпсіздік

Цифрлық трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның үш ЕТҰ-сында: «Алматы электр станциялары» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да «Өндірістік қауіпсіздік» жобасының басталуы жариялады.

«Самұрық-Қазына» АҚ қорының барлық портфельдік компанияларында кешенді қауіпсіздік бірінші орында және бірінші басшылардың бақылауында тұр. Самұрық-Энерго холдингінде өндірістегі қауіпсіздікті арттыру және оны автоматтандыруға бағытталған жобаның демеушісі Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов.

Жобаның басталуы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ еңбекті қорғау жөніндегі бірінші басшыларымен және құрылымдық бөлімшелерімен жобалық команданың кездесуінде жарияланды. «Өндірістік қауіпсіздік» трансформациялау жобасы арқылы компания еңбек қауіпсіздігі процестерін автоматтандыруға алғашқы қадам жасайды. Бүгінгі күнге дейін ЕТҰ-да оқыс оқиғалар мен оқиғаларды есепке алу қолмен жүргізілуде. Жаппай цифрландыруды ескере отырып, осы жобаны енгізу туралы шешім қабылданды.

Жоба жетекшісі – «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры - Төлеген Максилов жобаның мәні мен алдағы қадамдары туралы айтып берді:

«Жоба өндірістік нысандардағы қауіпсіздікпен байланысты процестерді автоматтандыруға бағытталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі барлық бизнес-процестер бірыңғай ақпараттық жүйеде жүзеге асырылатын болады. Сәйкессіздіктерді тіркеуді кәсіпорынның барлық қызметкерлері жүзеге асырады. Қазіргі уақытта 2 ЕТҰ-да оқыту жүргізілді: «ГРЭС-1» ЖШС және «ЕГРЭС-2» АҚ, одан әрі кезекте «АЛЭС» АҚ.

Егер, кәсіпорын қызметкері қауіп объектісін тапса, ол оны фотокамераға бекітіп, АТ-платформаға орналастырады. Бұдан әрі ЕҚжҚТ қызметкерлері жүйеде басқа бөлімшелермен бірлесіп, осы сәйкессіздікті жою үшін қажетті түзету әрекеттерін, мерзімдері мен ресурстарын тағайындайтын болады. Жүйе жұмыстардың мәртебесін қадағалайды, мерзімдердің жақындағанын еске салады және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша есептілік пен статистика жасайды.

Кездесуді қорытындылай келе, «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Көпенов: «Үш ЕТҰ-да жобаның басталғанын жариялаймыз. Барлығына, соның ішінде жобалау командасына сәттілік тілеймін. Бірнеше мың қызметкерді хабардар ету және жобаға тарту бойынша көп еңбекті талап ететін жұмыс күтіп тұр. Біз өз тарапымыздан бірінші басшылардан тек қолдау мен бақылауды ғана емес, сонымен бірге қызығушылықты арттыру мен ат салысып қатысқанын күтеміз».

«Қауіпсіз кәсіпорын» ақпараттық платформасы МАЭС-1, МАЭС-2, АлЭС-те өнеркәсіптік пайдалануға қабылданған жағдайда жоба «Самұрық-Энерго» АҚ тобының басқа еншілес және тәуелді кәсіпорындарына көбейтілетін болады. Пилотты енгізу мерзімі-2021 жылғы маусым.