БЖК ұжымы Василий Семенович Кубаревті құрметті демалысқа шығарып салды

Ұжымда үлкен құрмет пен беделге ие, қазандық цехының ауысым бастығы Василий Семенович Кубаревті құрметті демалысқа шығарып саламыз. Василий Семенович ынта-жігерлі, кәсібилілігі жоғары, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын және ең бастысы адамгершілігі мол, көптеген жылдар бойы біршама қызметкерлерді үйреткен маман.

 

Васлий Семенович 1980 жылы политехникалық институтты инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Кәсіби білімі болмаса да, 1991 жылдың қыркүйегінде АлЭС-ке келіп, осында жұмыс істеп, өз бетінше оқыды. Көптеген жылдар бойы В.С.Кубарев өзінің мамандығының күрделі ғылымын игерді. Василий Семенович осы мамандықты игеруге, әрдайым қиын жағдайларда қолдау көрсеткен өзінің тәлімгері, бұрынғы қазандық цехының бастығы, кейін БЖК бас инженері Альбрехт Владимир Александровичті мақтанышпен еске алады. В.С. Кубарев осы мамандық бойынша білімнің 90%, техникалық персоналды оқытумен адал айналысқан Альбрехт Владимир Александровичтен алды.

 

Әрдайым ақылымен, маңызды ақпараттарымен бөлісе, жол көрсетіп жүрген қазіргі таңдағы басшы, БЖК бас инженерінің орынбасары Попов Василий Семеновичтің еңбегін ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта Василий Семенович өзінің жолын білімін, тәжірибесін Комендантский Евгенийге тапсырды.

 

Жаңадан бастаушыларға кеңес!

Біздің жұмысымызда кез-келген өзгерістерге мұқиятпен, тиянақтылықпен, жауапкершілікпен қарау қажет. Асығыс қабылдаған шешім немесе қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жұмыста шұғыл жағдайлар туындаған сәтте тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет.

 

БЖК басшылығы Кубарев Василий Семеновочке зор денсаулық, отбасылық амандық және ұзақ ғұмыр тілейді! Біз компанияның дамуына қосқан үлесіңіз үшін, көп жылдар бойы атқарған еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!