Алматы 1-ЖЭО мерейтойыңмен!

 

Алматы 1-ЖЭО Қазақстанның энергетика саласындағы тұңғыш станция. Мұнда 85 жыл бұрын, яғни 1935 жылғы 25 қазанда салтанатты түрде қуаты 3 мың кВт (сол уақыт бойынша елеулі) бірінші турбоагрегат өнеркәсіптік жүктемеге қойылды. Сол күннен бастап Алматы жылу электр орталығы өз жұмысын бастады. Станция халық құрылысы әдісімен салынды, оны кеңейту Алматы қаласының өнеркәсіптік тұтынушыларымен, дамып келе жатқан тұрғын үй қорларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті. 2017 жылдан бастап станция газға ауыстырылды.                                                                                                               Алматы 1-ЖЭО бүкіл Қазақстан энергетикасы саласында көптеген мамандардың тәжірибесін ұштастырып, кәсибілігін арттыруға есігін айқара ашқан алтын ұя болып табылады.                                                                                                                                                   «Алматы электр станциялары» АҚ ұжымы барлық қызметкерлерді, станция ардагерлерін мерейтоймен шын жүректен құттықтайды! Станцияны дамытуға өз білімі мен тәжірибесін қосқан, бүгінде адал еңбек етіп, 1-ЖЭО ұжымының дәстүрін жалғастырып келе жатқан барлық мамандарға алғысымыз шексіз.