Станцияның байлығы – кадрлар...

2020 жылдың қазан айында 1-ЖЭО-ға 85 жыл толады. Станцияның ерекшеліктері, оның қала өміріндегі рөлі, жұмысы туралы 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев әңгімелеп берді.

 

1-ЖЭО-ның ерекшелігі?

«АлЭС» АҚ1-ЖЭО Алматы қаласындағы ең көне станция болып табылады. Станцияның құрылысы өткен ғасырдың 30-жылдарында басталды. Бүгінгі күні станция Алматы қаласындағы «АлЭС» АҚ негізгі энергияны генерациялайтын кешендерінің бірі болып табылады.

Сіз үшін станцияда ең құнды, әрі бағалы?

Мен үшін станциядағы ең құнды, әрі бағалы - кадрлар. Бүгінгі таңда станция қызметкерлерінің саны 368 адамды құрайды. 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар саны 164 адам. Оның ішінде 18 басшы.

1-ЖЭО-да мәселелер қалай шешіледі?

Кадрларды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Сұхбаттасу өткіземіз. Әрине, кәсіби білім алған оқу орындары түлектерінің басымдығы бар, мысалы, АЭжБУ (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті), Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі МКҚК.

Станцияда қандай мамандар жұмыс істейді?

Негізінен энергетиктер жұмыс істейді. Қазандық және турбина цехтарындағы жылу энергетиктер, электр және ЖАжӨ цехындағы электр энергетиктер, сондай-ақ бағыттары бойынша экономис, бухгалтерлік мамандар. Су химиялық режимін жүргізумен айналысатын химиялық цех бар. Жөндеу және табиғатты қорғау цехы жылу механикалық жабдықтардың жұмыс режимдерімен қамтамасыз етумен айналысады, Экологиялық кодекс талаптарының сақталуын бақылайды. Жөндеу-құрылыс, автокөлік учаскелері бар.

Сізге жұмысыңыз несімен қызықты?

Әр жұмыстың өзінің ерекшелігі бар. Жалпы, энергетиктің жұмысы - бұл өте ауыр, әрі жауапты жұмыс. Бүгінгі таңда электр энергиясы адамның күнделікті өмірінде ауадай қажет. Бұл бізге жарық пен жылу береді.

Станция қашан жаңартылды?

2008 жылы № 9ст. қазандық агрегатының күл тұтқыш қондырғысын (эмульгаторды орнату) қайта жаңарту, №8ст. қазандық агрегатының күл тұтқыш қондырғысын (эмульгаторды орнату) арынды газ жүрісін қайта бұра отырып қайта жаңарту; 1-ЖЭО АлЭС жабдықтары мен құрылыстарынан сарқынды суларды жою жүргізілді.

Станцияның табиғи газды жағуға толық көшуін жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 2011 жылы химиялық цехта тұзсыздандырылған суды дайындау үшін кері осмос жабдығы орнатылған.

2012 жылы 1-ЖЭО азот тотықтарының эмиссиясын төмендету мақсатында энергетикалық алты қазандық агрегатының жанарғы құрылғыларын жаңғырту толығымен аяқталды.Сондай-ақ, 1-ЖЭО АТҚ-110кВ 110кВ май ажыратқыштарын элегазды ажыратқыштарға, 1-ЖЭО бас басқару қалқаны (ББҚ) мен блокты басқару қалқанының (ББҚ) ауа баптау жүйесіне қайта жаңарту жүргізілді.

2013 жылы Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Алматы қаласының 2-ЖЭО жылу қабылдау үшін 1-ЖЭО қайта жаңарту» жобасы іске қосылды.

Станцияның газбенжұмыс істеу ерекшелігі?

Ең бастысы - экология. Станция қала орталығында орналасқан, сондықтан біз үнемі бақылаушы органдардың бақылауындамыз.

Сіздің басшылығыңызда қандай өзгерістер болды?

Экологияға байланысты көптеген жобалар жұмысқа енгізілді. 2-АЖЭО-ден жылу қабылдау пункті іске қосылды, ол 2-АЖЭО жылу қуатын және көптеген басқа жобаларды барынша таратуға және жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

1-ЖЭО Алматы қаласы үшін қаншалықты маңызды?

1-ЖЭО қала орталығының жартысын және барлық шығыс бөлігін жылумен қамтамасыз етеді, кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық секторды орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.

Станцияның қуаты қандай?

1-ЖЭО Қаланың шығыс және орталық аудандарын қамтиды.

1-ЖЭО белгіленген электр қуаты -145 МВт. Станцияның орнатылған жылу қуаты-1203 Гкал/сағ.қазіргі уақытта станцияның айына нақты электр энергиясын өндіру 8 400 тоғыз қабатты екі кіреберіс үйді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал нақты жылу беру 1 350 тоғыз қабатты үйге жылу береді.

Станцияның болашағы туралы не айта аласыз?

Жалпы, жабдықтар мүлдем тозған. Кейбір жабдықтар 50-60 жыл жұмыс істеді. Жөндеу және пайдалану персоналының күшімен жабдықты жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға тырысамыз.

«1-АЖЭО газға ауыстыру және ГТҚ блоктарын орнату арқылы қайта құру және кеңейту» жобасы әзірленді. Қазір әлеуетті инвесторларды іздестірудеміз.

Станциядағы сіз үшін маңызды немесе ерекше орын?

Бас басқару қалқаны болар, ол «станцияның маңызды жері» десек те болады, себебі мұнда барлық қажетті техникалық ауысулар орын алады. Сондай-ақ турбиналар мен қазандарды басқару қалқандары. Басқару тақталарында жабдықтың жай-күйі туралы толық ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ персоналдың, станция жабдықтарының да мәселелерін талқылаймыз.

1-ЖЭО-де жұмыс істеу сізге қандай қуат береді?

АТҚ- 110 кВ сияқты.

Станцияда есіңізде қалған оқиға туралы айтып берсеңіз

Станцияның 80 жылдығын атап өту іс-шарасы жақсы есте қалды, қонақ көп келді.

Әсіресе, энергетика саласының ардагерлерін көру мен үшін үлкен қуаныш болды. бүкіл Қазақстан энергетикасы саласында көптеген мамандардың шеберлікті шыңдау баспалдағы осы Алматы 1-ЖЭО –дан басталған. Қазақстан, Алматы қаласының энергия кәсіпорындарының көптеген басшылары біздің кәсіпорында жұмысын бастады.

Биыл өкінішке орай, елімізде болып жатқан жағдайға байланысты станцияның мерейтойын өткізе алмаймыз. Алдымызда жақсылыққа толы жарқын күндер келетіні күмәнсіз, әлі де тойлаймыз!

Біз штаттық режимде жұмыс істейміз. Осы қиын-қыстау кезеңде баршаңызға денсаулық тілеймін! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.