Қапшағай ГЭС-тің мерейтойы

1970 жылы 1 қазанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өкімімен «Алматыэнерго» құрамында «Қапшағай ГЭС» пайдалану кәсіпорны құрылды. Сол себептен, осы маңызды күн станцияның ресми туған күні болып саналады.

 

Қапшағай ГЭС-көптен күткен станция. Қапшағай ГЭС-ін салу жоспары ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында пайда болды. Алайда, оны алғаш рет белгілі қазақстандық ғалым-энергетик, Республика Ғылым Академиясының президенті, академик Ш.Шоқин «Іле бойындағы Қапшағай СЭС-інің техникалық-экономикалық көрсеткіштері» (1942) кітабымен негіздеді. 1945 жылы Шокин Шапық Шоқыұлы «Қапшағай су торабын ықтимал пайдалану шектері» атты диссертациясын қорғады…»..  

Станция жобасын С.Я.Жук атындағы «Гидропроект» Бүкілодақтық жобалау-зерттеу институтының Қазақ филиалы 1959 жылы жасап, ол жоба 1961-1964 жылдары қайта пысықталды. 1965 жылы болашақ нысанның дирекциясы құрылып, сол жыл СЭС құрылысының басталуы деп саналады.1970 жылдың желтоқсанында станцияның алғашқы гидроагрегаты желіге қосылды. Тура бір жылдан кейін, 1971 жылдың қысында, төртінші гидроагрегат істей бастады.    

 

Бүгінде Қапшағай ГЭС-заманауи кәсіпорын. Электр станциясының белгіленген қуаты-364 мВт, бұл «Алматы электр станциялары» АҚ жиынтық белгіленген қуатының шамамен 30% құрайды.Қапшағай ГЭС-ін пайдалануға тапсырылғаннан бері шамамен 54 млрд кВт/сағаттан астам, яғни орташа есеппен жылына 1,1 млн.кВт/сағат электр энергиясы өндірілді. Осы жылдар ішінде СЭС турбиналары арқылы 673 текше км-дан астам су өткізілді, яғни жылына орташа есеппен 13,5 текше км.Қапшағай ГЭС-тің 50 жылдық тарихында жылдық өндіру көлемі 1,7 млрд кВт/сағаттан астамға үш рет қол жеткізді. (2002, 2010 және 2016 жылдары). Бүгінде Қапшағай ГЭС Алматы облысының Алматы өңірін электрмен жабдықтауды жүзеге асырады. Энергетиктердің қазіргі буыны келер ұрпаққа тиімді, сенімді және жұмысқа қабілетті станцияны тапсыруға жауапкершілікпен, ұқыпты пайдалануға бар күштерін салады. Қапшағай ГЭС барлық жұмыскерлерін мерейтоймен құттықтаймыз. Сіздерге жемісті және апатсыз жұмыс тілейміз.