Энергетиктер жылыту маусымына дайын

 

Энергетиктердің өңірді жылыту маусымына күзгіжұмыстары аяқталды

«Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) және «Алатау Жарық компаниясы» АҚ (АЖК) 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың қорытынды кезеңінде.

2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мақсатында «АлЭС» АҚ барлық департаменттерінде қажетті отын қоры – 484 мың тонна көмір және 24 мың тонна мазут жинақталды. Бүгінгі күні «АлЭС» АҚ бойынша жөндеу жүргізілді және резервтік қазандықтар мен турбиналарды ескере отырып, қысқы мерзімге кіру кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті энергия көздері жабдықтарының 100% құрамы дайындалды.Электр және жылу энергиясын жіберу бойынша «АлЭС» АҚ өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындайды.

«АЖК» АҚ жөндеу бағдарламасының негізгі іс-шараларын іске асыруды және апаттық резервті жинақтауды аяқтады. «АЖК» АҚ қызметкерлері 0,4-110кВ 1 600 км астам кабель, әуе электр беру желілерін немесе жылдық жоспардың 91% - ын жөндеді, 931 қосалқы станцияларда жабдық немесе жылдық жоспардың 86% жөнделді. Белгілі болғандай, электржелілік жабдықтың сенімділігі желідегі жүктемелер айтарлықтай ұлғайған кезде суық ауа райы кезеңінде апатсыз жұмыстың маңызды факторы болып табылады.

Ағымдағы жылы КҚК-ге дайындық сыртқы факторлармен күрделене түсті, бірақ осыған қарамастан барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімдерде, тіпті озық қарқынмен, бұл ретте орындалатын жұмыстардың сапасы сақтала отырып іске асырылуда.

Күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз етуде жоғары кәсіби дайындықта тұрған және барлық қажетті жабдықтармен және арнайы техникамен толық қамтылған компаниялардың жедел персоналы маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.