Қоршаған ортаға деген жанашырлық

Қоршаған ортаның жанашырлары, экология саласының мамандары немен  айналысады, олардың жұмысының маңыздылығын «Алматы электр станциялары» АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова әңгімелеп берді

Сіздің бүкіл өміріңіз экологиямен байланысты. Бұл таңдау саналы түрде ме, әлде солай болды ма?

Мен экологияға кездейсоқ келдім, бірақ қазір кездейсоқ ештеңе болмайтынын түсіндім. Мен осы салаға жақсы және пайдалы нәрселер әкелгім келеді.

АлЭС-ке қалай келдіңіз?

Менің еңбек жолым 1995 жылы 2-ЖЭО-дан басталды. Мен БжТҚҚЦ-на (баптау және табиғатты қорғау қызметі цехы) отын зертханасында, 4-топтың зертханашысы болып жұмыс істей бастадым. Бұл өте қызық болды. Мен көмір мен мазутты тексердім. Маған жұмысты автоматты түрде жасаған ұнамайтын, сондықтан мен БжТҚҚЦ инженерлерінен мені «қарауға» бірге алып кетуін өтінетінмін. Біздің инженерлермен бірге мен вагон аударғыш, ОКЦ қоймасын және қалқанын (отын-көлік цехы), сынама іріктеу машиналарында, қазандық цехының қалқандарын аралайтынбыз. Зертханаға жаңа колориметриялық қондырғылар қойылғанда, көмірдің калориялылығын анықтау үшін – жаңа аспаптарды түсіну өте қызықты және танымды болды. Мен әрқашан өз жұмысымда қажетті нәрсені тереңірек ұғынып, білуге тырыстым. 2014 жылы мені 1-ЖЭО – ға шақырды, мен келістім, өйткені жаңа орын-бұл жаңа тәжірибе. 1-ЖЭО-дағы БжТҚҚЦ зертханашыларды бұрын да танитынмын. Станцияда жұмыс істей жүріп, мен Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжіне оқуға түстіп, оны «үздік» бітірдім, өйткені практикалық тәжірибем болғасын болар, теорияда қиналған жоқпын. 1-ЖЭО -де маған экологиялық инженердің орны ұсынылды, бірақ бұл жерде аздап қорқыныш болды. Ойлана келе,  келістім. Мен экология әлеміне толықтай беріліп, осы саланың маңыздылығын түсіне бастадым.

Сіз Қоршаған ортану қорғау басқармасының бас маманына қалай келдіңіз?

Мен 1-ЖЭО инженер-эколог болып жұмыс істеген кезде Зоя Сергеевна Арзюкова Бас кеңседе жұмыс істеуді ұсынды. Зоя Сергеевнамен бірге тағы 2-ЖЭО-да жұмыс істегенімізді ерекше атап өткім келеді, мен мұндай адамдарды сирек кездестірдім. Оқығаны көп, жауапты, сауатты, егер ол кісіге жұмыс барысымен немесе жеке жағдайың бойынша қандай да бір өтінішпен жүгінсең, ол міндетті түрде қол ұшын беретін жан.

Бұл жұмыста сізді не таң қалдырды?

Адамдардың қарым-қатынасы. Адамдардың ерекше мейірімділігі, жанашырлығы, қажет болғанда әрдайым көмек, ақыл-кеңеспен, бағыт- бағдар беруге әзір тұрады.

Экологиялық акцияларды өткізу тәжірибеңізбен бөліссеңіз. АлЭС-те қандай экологиялық акциялар өткізіледі?

Экология бойынша алғашқы акция 2019 жылы біз Зоя Сергеевна Арзюковамен өткіздік. Акцияның атауы «Біз - жасыл Қазақстан үшін!» деп аталды. Әр департамент номинация бойынша таңдаған бір тақырыбын талқылауы керек. Біздің мақсатымыз департаменттерде қоршаған ортаға деген жауапты, оң көзқарас қалыптастыру болды. Табиғи ортаны сақтау және жақсарту бойынша белсенді іс-шараларға ұмтылу және оның экологиялық жағдайына жауап беру. Бірінші акция  тамаша өтті. Сол жылы біз «Макулатура тапсыр-ағашты құтқар!» атты макулатура жинау бойынша екінші акциямызды өткіздік. Біздің департаменттердегі экологтар бұл тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, аз уақыт ішінде 3204 кг жиналды және тапсырылды.

Эколог күніне орай біз «Үздік экологиялық жауапты департамент» атты акциясын өткіздік, оған «АлЭС» АҚ-ның барлық департаменттері қатысты. Карантин жағдайында департаменттердің экологтары өз жұмыстарын электронды түрде жіберді, жұмыстар қашықтықтан қаралды. Сондай-ақ, биыл жақсы дәстүрге айналған екінші акция «Мен орманды таңдаймын!», бірақ бұл соңғы акция емес! Жұмыс атауы «Recycle It! (Қайта өндір!)», акцияның мақсаты бірнеше килограмм пайдаланылған (пайдаланылған) батареяларды жинап, қайта өңдеуге жіберу, сол арқылы судың, топырақтың және ауаның тазалығын сақтау. Біз оны жыл соңына дейін өткіземіз.

Акцияларды өткізудегі басты мақсатымыз-қоршаған ортаны қорғауға назар аудару. Сондай-ақ, біз Қоршаған ортаны қорғау басқармасымен және «АлЭС» АҚ департаменттерімен бірге өткізетін жаңа ойлар да бар!

Қоқысты бөлек жинау немесе сіз өткізген кез-келген акция туралы айтып берсеңіз.

Мен 2019 жылы өткізген алғашқы акция туралы айтып берейін.  «Біз жасыл Қазақстан үшін!» атты акцияны аяқ асты ойлап таптық. Бұл біздің департаменттерге экологияға деген көзқарасты өзгертуге  түрткі болсын деп, командамызбен ұзақ ақылдасып шешкенбіз. – Экологтар бұл жаңашылдыққа қандай көзқарас танытады екен деп те уайымға баттық. Әрине, әртүрлі пікірлер болды, бірақ департаменттерге үлкен рахмет! Олар түзетулер жасады, қандай да бір өзгерістер енгізді, не істеуге болатындығы, неғұрлым егжей-тегжейлі сипатталуы туралы пікірталастар болды. Біз өңдеуді аяқтаған кезде, ең қызығы сол кезде басталды. Біз «Энергожөндеу» ӨЖК акт залында жиналып, әр эколог есептерді презентация түрінде, сондай–ақ өзінің шығармашылық ресімделген жұмыстары-өлеңдер, әңгімелер, эсселер, сөзжұмбақтар түрінде ұсына алды. Экологтардың айтқандарының барлығы тек танымдық қана емес, бәріміз үшін өте маңызды болды, біз кроссвордты шешіп, жер бетіндегі ең ауыр ағаш туралы, Тынық мұхитындағы үлкен қоқыс орны туралы, ғылым ретінде экологияның даму тарихы, қоқысты бөлек жинау туралы білдік. Біз кездесуден жаңа білім алдық және бұл акция біздер, яғни экологтар әлемнің тазалығы үшін күресте бірге екендігімізге  көзіміз жетті!!

АлЭС-те ауаны тазарту үшін не істелуде?

Өте көп нәрсе. Мен мұны ерекше атап өткім келеді. 1-ЖЭО 2017 жылдан бастап газға  көшті және көмірді жағудан толық бас тартты. Станция 2016 жылмен салыстырғанда 2019 жылы атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын 47% - ға (534 тонна) қысқартты. Бірақ 2-ЖЭО-мен мәселе шешілген жоқ. «АлЭС» АҚ тапсырысы бойынша 2018 жылы жобалау ұйымы алдын-ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі, онда жобаны іске асырудың 4 нұсқасы қаралды және оның біреуі анықталды.

Дегенмен, станцияларды жаңғырту жүргізілуде, 2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін 1-ЖЭО және 2-ЖЭО қазандық агрегаттары тиісінше 99,2% және 99,5% тазалау дәрежесі бар тазарту құрылыстарымен жабдықталған. Сондай-ақ, ең жақсы қол жетімді технологияларға сәйкес қыздырғыш құрылғыларды жаңарту жүргізілді.

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес өндірістік экологиялық бақылау жүргізіледі. Ауаны, топырақты, суды өлшеуді жүргізетін «Экосервис-С» ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасы өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырады.

Жұмыс күніңіз қалай өтеді?

Мен таңертеңгі сағат 6.30-да оянамын (мен жаттығу жасамаймын, бірақ керек екенін білемін!!), таңғы асымды ішемін. Ауа-райы қандай болмасын, жұмысқа жаяу барып, жаяу келемін. Құлаққаппен сүйікті музыкамды тыңдап, жаяу 35 минутта, таңғы қаланың таза ауасымен барамын-бұл керемет! Менің жұмысымда керемет ұжымым бар, ұжым - өте маңызды.

Мен адамдармен тез тіл табысамын және біздің жұмыс тікелей қарым-қатынас арқылы. Басшының бұйрықтарын орындау, әріптестермен қарым – қатынас жасау, жұмыс мәселелерін шешу, департаменттерге бару, кеңестер өткізу, әрине бұл жұмыстың толық тізімі емес.

Жұмыстарыңыз қай саламен тығыз байланыста?

Менің ойымша, негізі — бұл мемлекеттік органдармен жұмыс. Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінен, Энергетика министрлігінен, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдігінен хаттар т.б. қажетті құжаттармен байланысу. Мұндай хаттар, сұраулар бірінші кезекте келеді.

Есіңізде қалған жұмыстың бір сәті?

Ол кезде біз экология қызметі деп аталғанбыз, Каскад ГЭС Үлкен Алматы көліне бардық, оны қысқаша ҮАК деп атайды. ҮАК тауларда көрінбейтін сұлулық пейзажымен жасырылған және біз осындай сұлулықты көргенде таң қалдық. Осы әдемі көлдің жағасымен біраз жүріп өтіп, бірақ әр жерде жатқан қоқыстарды көргенде, кейбір табиғатқа деген жанашырлығы жоқ адамдардың әрекетінен көңіліміз қалғаны да рас. Ал әдемі көлдің көрінісі әлі  күнге дейін көз алдымызда қалды. Жұмыс барысымен барсақ та, керемет көрініс тамашаладық.

Есіңізде қалған қызықты жағдай?

Иә, болғаны рас. Терең талдау жүргізу үшін біздің көмірдің сынамасын 2-ЖЭО-дан Ресейге, Новосибирскіге жедел жеткізу қажет болды. Өкінішке орай, біз мұндай пакетті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы жібере алмадық. Пошта арқылы, курьерлік қызмет арқылы жіберуге болмайды, бірақ бастықтың бұйрығы орындалу керек. Не істеймін?  Көмекке ҚОҚБ бас маманы Көбеев Мирамбек келді. «Темір жолдағы жолсеріктер арқылы беріп жіберейік?» деген ой тастады. Поездардың кетуін тексергеннен кейін, біз Новосибирскіге пойыз 40 минуттан кейін кететінін білдік. Уақыт тығыз, әрі берілетін құжат заңға қайшы зат емес екендігін дәлелдеу керегі бар, тез арада «Алматы-2» вокзалына Мирамбек Кубеев екеуміз жеттік. Жолымыз болды, бізге бір жауапты жолсерік жолықты, құжатты тиісті адамға жеткізетіндігіне сендірді. Сөйтіп поезды шығарып салып, жеңілдендік, бірақ Новосибирден тиісті адам құжатты қарсы алғанын естігенде, көңілім орнына келді. Біздің күш-жігеріміз бекер болған жоқ!

Сіздің кәсіби тұрғыда арманыңыз?

Қазіргі кәсіби арманым - өмірде де, кәсіпорындарда да қалдықтардың аздығы, мұның бәрін адамдарға түсіндіру және жеткізу. Адамдар тазалық өзінен басталатынын түсінуі керек. Жер бетінде қоқыс көбейіп бара жатыр. Доғару керек. Менің жолдассым интернеттен пластикалық бөтелкелерді мүмкіндігінше екінші рет қолдануды тапты. Біз олардан сыпырғыштар жасаймыз. Иә, қарапайым сыпырғыштар. Біз ұзын пластикалық таспаларды (жолақтарды) кесіп тастаймыз, содан кейін бір сыпырғышқа жинап, сыммен бекітеміз, бірақ мұқият жұмыс істеу керек. Біз үйге де, туыстарымызға да осындай сыпырғыштар жасадық. Мұндай сыпырғыштар тозбайды, ең қызығы ұзақ уақыт пайдасын тигізеді!!!

Тек жұмыс туралы ғана емес. Сіз қандай адамға таң қаласыз?

Мені таңдандыратын адам - Коко Шанель (шын аты Габриэль Бонер). Қара түсті жақсы көрген және өз клиенттеріне кішкентай қара көйлек киюге кеңес берген. Ер адамдарға тән стильге сүйене отырып, ол әйелдердің жаңа бизнес стилін жасады. Демек, қара түстің үстемділігі... Ол әйелдерді корсет киюден құтқарды, мұның өзі сән әлеміндегі төңкеріс. Американдық «Тайм» журналы ХХ ғасырдың ең ықпалды адамдарының тізіміне енгізді.

«Өзін - өзі күту жүректен басталуы керек, әйтпесе ешқандай макияж көмектеспейді», - дейді Коко Шанель, мен бұл пікірмен толық келісемін!

Сіз барған ең әдемі жер?

Жолдасым екеуміз бірнеше жыл бұрын Көлсай көлдеріне бардық. Біз арнайы жаяу жүру маршрутын алдық және оған еш өкінбедік. Біз орта (Екінші) Көлсай көліне жаяу бардық, тамаша табиғатты жеткізу мүмкін емес. Көлге көтерілген кезде, ол біздің алдымызда тау қарағайларының қолындағы әлемнің ең әдемі гүлі ретінде ашылды. Суға шомыла алмадық, су өте суық болды, бірақ шамалы аяқ тигізіп кешіп шықтық. Біз айналамыздағы табиғаттың сұлулығы мен тыныштығын ешқашан ұмытпаймыз. Жолдасым екеуміз туған жерлерде демалуды жөн көреміз, өйткені Қазақстанда әдемі жерлер өте көп.

Егер әлемнің 7 кереметінің тізімін қайта жасау керек болса, оған не қосар едіңіз? Әлемнің барлық 7 кереметін адам қолымен жасаған, ал мен әлемнің 7 кереметіне табиғаттың  жасағанынан құрар едім:

- АҚШ-тағы Үлкен каньон;

- Эверест (Джомолунгма) (Қытай және Непал);

- Виктория сарқырамасы (Замбия және Зимбабве);

- Чжанцзяцзе ұлттық паркі (Қытай, Аватар фильмін түсіру);

- Үлкен Тосқауыл Рифі (Австралия);

біздің ғаламның масштабында бұл:

- біздің Күн жүйесі;

- Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы;

Сіздің сүйікті кітап немесе фильмдеріңіз бар ма?

Фильм туралы, оны түсірген режесерлар туралы ұзақ дауласуға болады. Мен үшін ең жақсы фильмдер – «Зеленая миля», «Побег из Шоушенка», «Форрест Гамп», «Аватар», «Крестный отец», «Звездные войны» және басқалар.

Кітаптар. Қазір оларды 10-15 жыл бұрын немесе тіпті 20-дан әлдеқайда аз оқитыны өте өкінішті. Ең жақсы кітаптар – «Война и мир», «1984», «451 по Фаренгейту», «Властелин колец», «Мадам Бовари», «Король Лир», «Гамлет», «Божественная комедия» және басқалары. Мен осы кітаптардың барлығын оқыдым.

Мен фантастика, тарихи және детективтерді оқимын. Бірақ мен фантастиканы көбірек жақсы көремін - Айзек Азимов, Нил Стивенсон, Пол Андерсон, Рэй Брэдберидің шығармалары. Мен кітаптарды өте жақсы көремін және көп оқимын.

Сіз 15 жасар Еленаға, яғни өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз?

15 жасында өзіңе - өзің кеңес беру, ондай мүмкін болса, әлбетте тамаша ғой.  Мен өзіме көп оқы, көп үйрен дер едім, себебі есейгенде оның пайдасы болмаса, зияны болмайтынын анық. Бәрін уақытында жасау керек. Ал білімнің орны ерекше, әрі маңызды.

Балалық шағыңыздан есте қалған жағдай?

 Балалық шақ керемет уақыт. Бірақ бәрінен бұрын әжеме барғанды ұнататынмын. Ол жер үйде тұратын, оның үлкен таңқурайы болатын. Әлі күнге дейін есімде, әжем таңертең таңқурай жинайды да, мен оянған кезде үнемі үстел үстінде таңқурай мен бір кружка сүт тұратын. Әсіресе көршінің құдығынан таситын судың дәмін айтсаңшы... Сол суды бүкіл көше таситын, әрі тегін, өкінішке орай, қазір мұндай су қаланың еш жерінде жоқ.

Егер сіз бала кезіңізде барлық сүйікті заттарыңызды уақыт капсуласына салып, болашаққа жібере алсаңыз, онда қандай заттар болады?

Менде түрлі-түсті суреттері бар, үлкен әріптермен жазылған «Изумруд қаласының сиқыршысы» деген кітап болған, сол кітабымды қалар едім. Өкінішке орай, мұндай кітаптар сатылымда жоқ. Менде пластиктен жасалған жасыл крокодил ойыншығы болды, оны маған Қара теңізден сыйлыққа әкелді. Міне, мен болашақта өзім үшін уақыт капсуласына салатын едім. Және балмұздақ, бұл енді сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Қандай дәмді еді, әсіресе Крем-брюле.

Егер сізде тек қана 5 зат болу керек болса, олар қандай заттар?

Ең қажет 5 зат дейсіз бе, ойлану керек!!!

Ақыр заман болса:

- балта;

- кішкене шам;

- дәрі-дәрмек;

- қару;

- компас. Әрине, қалжың J

Ең қажетті 5 зат:

- тамақ толы тоңазытқыш;

- төсек-орын жабдығы;

- кітаптар;

- киім-кешек;

- диван/кресло. Осы 5-уі маған керек ең маңызды заттар болу керек.

Сіз естіген ең қымбат, әрі дана ой?

«Егер кімде-кім саған қасақана жамандық жасаса, кек сақтама, өшіңді алма. Өзен жағасында отырып, көз алдыңда жауыңның мәйітінің өтіп бара жатқанын көресіз» - Лао Цзу. Бұл ойды маған ертеректе  бір қарт адам айтқан. Содан кейін сіз осы ойдың тереңдігі туралы ойлайсыз, кейін бәрі өз орнына келеді. «Асықпа, кек алуды ойлама, барлығы өз орнымен болады. Ең бастысы жағасында отыратын өзенді табу керек».

Сіз кәсіби даму тұрғысынан қандай құнды кеңестер алдыңыз?

Мұқият болу, тыңдай білу және біреудің әңгімесін бөлмеу, әрдайым қадамыңды дұрыс басу, қызғаныш немесе іштарлық қасиетінен аулақ болу, асығыс шешім қабылдамау, шындықты айту – бұл менің алғашқы алған кеңестерімнің бірі. Мен оларды әлі күнге дейін ұстанамын. Әсіресе, шындық айту.