Қызметкерлердің медициналық тексерісі автоматтандырылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «АлЭС» АҚ және «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 2-ЖЭО-да медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесін (МТАЖ) енгізу бойынша іс-шара іске асырылуда. Енді бір минут ішінде қызметкер өндіріске және толық медициналық қорытындыға қол жеткізе алады.

Тестілеуге арналған аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету кешені жеткізілді және 2-ЖЭО-да тесттен өтуде. Ол қызметкердің медициналық тексеруін ыңғайлы өткізуге арналған анатомиялық орындықтан тұрады.«Ақылды» кресло пупиллометрмен, есірткінің мас күйін диагностикалауға арналған инновациялық әзірлемемен, алкотестермен, өнеркәсіптік тонометрмен жабдықталған.Осылайша, бір минут ішінде қызметкер тексеруден өтіп, оның физикалық жағдайын растайтын толық сипаттама алады.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ цифрландыру жөніндегі кеңсесінің басшысы Азамат Мажын елімізге келген індет осы бағытты ЕТҰ-ға енгізу үшін шешуші факторлардың бірі болғанын атап өтті.Іс жүзінде байланыссыз медициналық тексеру әрбір қызметкерді толық тексеруге жіберетін уақытты үнемдеп, адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді.

- «Ақылды» кресло қазір жоғары қауіптілікпен, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді ауысым алдындағы жылдам медициналық куәландырудан өткізуге мүмкіндік береді. Бұл турбиналар мен қазандықтардың машинистері, химиялық цехтың зертханашылары, ЖАжӨЦ слесарі, жүргізушілер және т. б.Біздің вахтада күн сайын 110 адам өтеді. Медбике «ақылды» кресло көмегімен жедел түрде тексереді. Барлығы базада сақталады және кез-келген уақытта деректерді талдауға, ауруларды анықтау жағдайларын жүйелеуге, сол арқылы асқынулардың алдын-алуға және аурулардың одан әрі дамуына жол бермеуге болады,-деді 2-ЖЭО Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Александр Чукалин.

 

2-ЖЭО бас медбикесі Наталья Быстрова бұл құрылғы қызметкерді бет әлпеті арқылы танитынын, жарық тітіркендіргішке реакциясын өзгертуге, жүрек соғу жиілігін, сөйлеу айқындылығын, дене температурасы мен қан қысымын өлшеуге, алкогольдік масаңдықты тексеруге және т.б. сынақтар жүргізетінін түсіндірді. Бұл медицина қызметкерлерінің өнімділігін арттырады, медициналық тексеру уақытын үнемдейді.

- Мен тез медициналық тексеруден өте алдым. Бұл басты артықшылық. Барлық параметрлер менің жалпы хал-жағдайыма сәйкес келеді, - деп бөлісті станцияның электр цехының стажері Мақсат Мұхамедқалиев.

 

Іс-шара трансформациялау бағдарламасы шеңберінде 2-ЖЭО пилоттық режимде енгізілуде.