Конституция күніне орай марапаттау

Мерекелер қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапаттау республикамыздың игі дәстүріне айналды. 2020 жылдың 2 қыркүйегінде «АлЭС» АҚ қызметкерлері Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Устенов Бағдәулет және Каскад ГЭС бас инженері Кочкинбаев Тулеген ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған медальдармен марапатталды.

УстеновБағдәулет 24 жылдан астам Алматы қаласының энергокешенінің түрлі нысандарында жұмыс істейді. Ол еңбек жолын Жамбыл АЭС электр есептегіштерін пайдалану жөніндегі электромонтер қызметінен бастаған.

- Менің еңбегімді жоғары бағалап, мерейтойлық медаль үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, - деп бөлісті Устенов Бағдәулет. - Энергетиктер өз өмірлерін қиын, бірақ өте маңызды және қажетті іске арнайды.Энергетиктердің кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында Алматы өңірінің тұрғындары еш алаңсыз, тыныш өмірде болашағын жоспарлай алады. Мен осы мамандықты таңдағанымды мақтан етемін.

 

 «АлЭС» АҚ атынан марапатталғандар тізіміндегі жастардың бірі Кочкинбаев Тулеген. Ол өзінің қызметтік жолын 1996 жылы 1-ЖЭО-де электр слесарі ретінде бастаған.                

- Бұл марапатауға ие болу  - мен үшін бақыт. Расында, марапатталғандардың қатарында болудың өзі мен үшін мәртебе, - деп шынайы қуанышымен бөлісті Тулеген.       - Әрине, бұл марапат тек қана маған емес, сонымен қатар менің ұжымыма да тиесілі. Өйткені Каскад ГЭС ұжымы- менің кеңесшім, төрешім, қолдаушым да солар.Әріптестер, бұл-біздің ортақ жемісіміз, мен сіздерге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Барлығыңызға рахмет!

«Алматы электр станциялары» АҚ атынан ҚР Конституциясы күніне орай төрт қызметкер марапатталды.