Алматы 1-ЖЭО-да жөндеу науқаны аяқталуда

«Алматы электр станциялары» АҚ 1-ЖЭО-де күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде негізгі жөндеу жұмыстары өтті.                                                      Бекітілген кестеге сәйкес (№10 ст.) генераторының, (№2 ст.) күштік трансформаторды күрделі жөндеу орындалды, сондай-ақ (№8 ст.) генератордың қоздыру жүйесі ауыстырылады. Бес қазандық агрегатында, жеті су жылыту қазанында және екі турбоагрегатта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Қазір станцияда сегізінші қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, келесі кезекте №13 қазандық агрегаты тұр.

 

2020 жылғы шілдеде (№7 ст.) күштік трансформаторды қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды, трансформатордың белсенді бөлігінің қалпақшасын көтере отырып, кірмелердегі түйіспелердің қызу себептері жойылды.

 

- Ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес, сегізінші турбоагрегат ағымдағы жөндеуге шығарылды.Мердігер ұйымның күшімен (№10 ст.) генератор статор орамасының оқшаулауын ауыстыру, сондай-ақ (№9 ст.) генераторының ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.Негізгі жабдықты жөндеуден басқа, қосымша жабдықты жөндеу кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыс көлемі шамамен 90% орындалды,-деп атап өтті 1-ЖЭО басқарушы директоры Исахан Сырғабаев.

 

Мердігер ұйымдар тиісті техникалық құжаттаманы бере отырып, үш сутегі ресиверін, бес жоғары қысымды жылытқышын және парктік ресурсты ұзарта отырып, желілік суды бір жылытқышта техникалық диагностикалау жүргізді.

 

 

1-ЖЭО станцияны күзгі - қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындауға ерекше көңіл бөледі, өйткені,  оның сапасы оңтүстік астананың сенімді жылу және электрмен қамтамасыз етілуіне байланысты.