2-ЖЭО 40 - жылдық мерейтойын атап өтуде

2-ЖЭО Қазақстанның ең ірі жылу электр орталығы болып табылады. Бұл электр станциясы құрастырылу жағынан ерекше. Сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында станция 12 метр тереңдікке тереңдетілді. Станцияда елімізде алғаш рет сейсмикалық орындаудағы бу өнімділігі сағатына 420 тонна қазандық агрегаттары іске қосылды.

            2-ЖЭО энергетикалық қазандары бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес, көмір мен мазутпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда станция оны газға ауыстыруды көздейтін жаңғыртуға дайындалуда.

 

 2-ЖЭО орнатылған электр қуаты - 510 МВт, жылу қуаты - 1411 Гкал/сағ.Орташа жылдық өндіру-2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясы және 3,2 млн Гкал жылу энергиясы. 2-ЖЭО стратегиялық маңызды объект болып табылады, өйткені ол Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен және жыл бойы 50% «АлЭС» АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

2-ЖЭО  арқылы энергетиктердің бірнеше ұрпағы өтті. Оның алғашқы директоры Евгений Волков болды. Кейіннен станцияны 9за0 жылдар бой Қапыш Петр, Кравцов Валентин, Оразбаев Бірлік, Календарев Ахат, Төтебаев Серік, Сабырқұлов Бисембек, Салимов Фазоил басқарды. Қазір 2-ЖЭО-ны Шанлақбаев Асхар басқарады.40 жыл бұрын станцияға электр цехының аға кезекші электр монтері Мұхамед-Рахимов Нұрлан келді.

Қазіргі таңда ол «Алматы электр станциялары» АҚ басқарады.

 

Қазір де тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды станцияның кәсіби персоналы қамтамасыз етеді, онда тәжірибелі энергетиктермен қатар болашағы зор жастар да жұмыс істейді.- Біз 2-ЖЭО-де қызмет ететін энергетиктердің аға буыны мен жас қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз,-дейді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. - Еліміздің жоғары оқу орындарының үздік түлектерін жұмысқа шақырып, ертеңгіге алаң болмау үшін, саналы,  дарынды ұрпақ сабақтастығына ерекше көңіл бөлеміз. Осылайша жастарға жол көрсетіп, тәлім –тәрбие берсек, келер ұрпаққа берері мол кәсіби мамандар болатынына кәміл сенемін.