Қашықтықтан оқыту

Коронавирус індеті және карантиндік шараларды енгізу компанияның әдеттегі қалыптасқан жұмыс қалпын өзгертті. Энергетиктер штаттық режимде жұмыс істеді, ал сол кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі куәліктердің қолдану мерзімінің де уақыты келді. Коронавирус жұқпасын жұқтырып алу қаупіне байланысты, уақытша қашықтықтан оқытуға толық көшуге тура келді.

Оқытушыларға цифрлық ортада жұмыс істеу дағдылары жетіспеді, жаңа құралдарды игеруге және оқу процесін қайта құруға және жаңа технологияларды енгізуде маңызды рөл атқаратын техникалық қызметтерді қолдауға уақыт шектеулі болды. Ең алдымен, біз оқытушыларды дайындаудан бастадық, сонымен қатар оқыту платформасын қарастыруға кірістік. Біз онлайн оқыту-бұл ең алдымен интернет арқылы ақпарат беру процесі емес, танымдық және әлеуметтік процесс екенін түсіне білдік.         

Нәтижесінде, 2020 жылдың 15 шілдесінен бастап кадрларды дайындау бөлімі АТ мамандарының қолдауымен Cloud бағдарламасын қолдана отырып, қашықтықтан оқытуды бастады, бұл нақты уақыт режимінде кері байланыспен онлайн оқытуға мүмкіндік береді. Жүйеге қойылатын маңызды талаптар оның сенімділігі, интернет-арналардың өткізу қабілеті, мазмұнды құру мен орналастырудың қарапайымдылығы, оқытушылар мен білім алушылар үшін сервистер мен платформалардың қол жетімділігі болды. Сабақ өткізу үшін әрбір өндірістік департаментте компьютерлермен, проекторлармен, теледидарлармен, веб камералармен, колонкалармен жабдықталған оқу сыныптары дайындалды. Бұйрыққа сәйкес (24.06.2020 ж. № 377) барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 6 адамға дейін оқу топтары құрылады.

- Коронавирус жұқпасының таралу жағдайындағы маңызды аспект-адамдардың бір-бірімен байланысын барынша шектеу және жұқпаның жұқтыру қаупін тудырмау. Бұл жағдайда қашықтықтан оқытуға көшу- бірден-бір дұрыс шешім. Біз, оқытушылар тарапынан 

қашықтықтан оқытуға көшу үшін бірталай күш жұмсадық, өйткені тез арада компьютерді және жаңа бағдарламаны игеруге тура келді. Әрине, мұғалім мен тыңдаушы арасында нақты байланыстың болмауы, шамадан тыс жүктеме салдарынан интернеттің жеткіліксіз жылдамдығы оқу процесін қиындатады, бірақ менің ойымша, мына орын алған жағдайда, нағыз дұрыс шешім,-деп бөлісті Қызметкерлерді дайындау бөлімінің оқытушысы Солодилова Татьяна.             

Осылайша, барлық оқыту онлайн және қашықтық режиміне ауыстырылды, оның ішінде сыртқы оқу орталықтарымен оқыту, осылайша біз еңбекті қорғау бойынша сабақтар, экологтар мен кадр қызметінің қызметкерлеріне арналған семинар өткіздік. Оқыту вебинарлар, видеодәрістер, презентациялар және т.б. сияқты нысанда өткізіледі. Қорыта келгенде, біз осы «жаһандық тәжірибиден» қорытынды шығарамыз және оқу процесін жақсарту үшін жүйелі жұмысты жалғастырамыз.