АлЭС қызметкерлерінің бала тәрбиелеу тәжірибесі

Бүкіл ел бойынша карантиндік шараларды енгізу ересек халықтың жұмыс процестері мен өмір салтына, сондай-ақ өскелең ұрпақтың оқуы мен бос уақытын өткізуге өз түзетулерін енгізді. Егер бұрын көптеген ата-аналар күні бойы жұмыста, балалар балабақшалар мен мектептерге барып, отбасы кешкі ас үстінде өткен күнді талқылап отыратын еді, қазір бәрі үнемі бірге. Отбасы тікелей қарым-қатынасқа көшті

«АлЭС» АҚ қызметкерлері оқшаулау кезеңінде өз балаларын тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті.

Жаңа отбасылық ережелер жиынтығы

 

Назира Қадырқұлова, «Энергожөндеу» ЖПБ экономикалық бөлімінің бастығы»:

Мәжбүрлі өзін-өзі оқшаулау, қозғалысты шектеу, короновирус жұқпасының қаупі туралы ақпараттың жаппай ағымы қысқа мерзімде отбасының барлық әдеттегі үйреншікті режимдерін жойды.

Әр отбасы карантин кезеңінде өмір сүру мен дамудың өзіндік тәсілдерін тапқанына сенімдімін. Біздің отбасымыз да осы жағдайға бейімделе бастадық.

Біздің отбасымызда 6 адам бар: анасы, әкесі, әжесі және үш баласы (Мадина- 14 жаста, Тоқжан – 11 жаста, Әділ-7 жаста). Әрине, өзін-өзі оқшаулаумен қатар онлайн-оқыту балаларға оңайға соққан жоқ, өйткені телефондар мен гаджеттерде ұзақ үңіліп отыруға тура келді. Менің ойымша, көптеген балалардың көру қабілетіне, омыртқа бітіміне және уақтылы ұйықтауына едәуір әсер етті.

 

Біз бейімделуге және жаңа ережелерді енгізуге тура келді. Міне, біздің отбасылық ережелер жиынтығы:

Біріншіден, дұрыс тамақтану. Ас қазанға зиян тамақтар  мен газдалған сусындарға сирек рұқсат етіледі, таңғы асқа «ботқа» түскі және кешкі аста ыстық тамақ,  міндетті түрде жемістер мен көкөністер жеу керек. Айта кететін нәрсе, карантиннің арқасында көптеген аналар, соның ішінде менде аспаздық шеберлік деңгейіміз өсті.

Екіншіден, таза ауада серуендеу. Біз жер үйде тұрамыз, ауданымыз тыныш, сондықтан карантин жағдайында да балалар кем дегенде өз ауламызда ойнауға мүмкіндік болды.

Үшіншіден, балалармен бірге ойнайтын үстел ойындары. Олар гаджеттерден аздап алаңдатады. Мен сізге UNO, домино, дойбы және шахмат сияқты ойындар ойнатуға кеңес беремін.

 

 

Төртіншіден, біз «гаджеттерсіз күн» ережесін енгіздік, әр бейсенбі сайын балалар телефондары мен планшеттерін сақтауға тапсырады.

Мен оларға жаңа кітаптар сатып алуға тырысамын. Үлкен қызым оқығанды ұнатпайды, бірақ қазіргі замануи мәдениеттің бөлігі ретінде комикстер оның көңілінен шықты. Ұлымыз карантин кезінде өзінің алғашқы кітабын оқыды, соның өзіне мәз. Бірақ нағыз кітапты ұнататын Тоғжан.

Еңбекке баулу және өз еңбегінің 

Еңбекке баулу және өз еңбегінің нәтижелеріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында, әкесі оларға үй тірлігіне көмектескені үшін жалақы төлей бастады: Мадинаға Тоби атты итті бағу, тамақтандыру т.б. Тоғжан таңғы ас ыдыстарын жуады, үшеуі де өз мүмкіндіктеріне қарай жинауға көмектеседі. Оларға ерекше ұнайтыны -  жиналған ақшаларды жұмсау.

 Теледидар көруге күніне бір сағаттан артық рұқсат етілмейді. Гаджеттерді ойнау күніне бір сағаттан аспайды. Күннің аяқталуының маңызды сәті – уақытылы ұйқы, мектеп уақытында сағат 22.00-ден кешіктірмей, демалыс кезінде-сағат 23.00-ден кешіктірмей.

Ережелерге сәйкес өмір сүру оңай емес және оларды дәлме-дәл сақтау әрдайым мүмкін емес, бірақ тұтастай алғанда, ережелерді енгізу біздің отбасымызға карантин мен оқшаулану кезеңін оңай өткізуге көмектесті және балаларды өзін-өзі ұйымдастыруға және тәуелсіздікке үйретті.

Бұрын денсаулық тілеген кезде көңіл аудармаушы едік, енді карантин жағдайында біз мұның барлық игіліктердің ең бастысы екенін түсініп, осы құндылықты  балаларыма жеткізуге тырысамын.

«Алматы электр станциялары» АҚ-ның барлық отбасыларына осы қиын кезеңде денсаулық пен жақсы көңіл, балаларымызға денсаулық тілеймін, өйткені олар осы елдің болашағы!

 Жұмылған істің жүгі жеңіл

 

Азамат Сағадиев, Каскад ГЭС өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы:

Мен отбасыммен жер үйде тұрамыз. Жер үйдің шаруасы бітпейтіні бәрімізге мәлім. Жазда мен екі ұлыма күні бойы ұялы телефонда немесе теледидардың жанында отырмасы үшін, үйде арнайы тапсырмалар беріп отырдым.

Мен анама айтам әзілдеп: «Сізге бұрын жақсы болды. Інім екеумізді жазғы демалысқа ауылға ата-әжемізге жібереді, кейін үш айдан кейін олар бойы тартылған, яғни өскен, қап-қара, шыныққан балаларын көруші еді». Мен бұл туралы неге айттым, сол кезде ауылда өткізген үш ай демалысымызда ерігіп жататын, бос уақытымыз  болмайтын еді.Осы жазда біз ұлдарымызбен үйде ішінара жөндеу жұмыстарын жүргіздік.

 

Балалар үй шаруашылығына көмектесті. Олар моншаға отын дайындады.Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде өткізілген жазғы демалыс, олардың жалпы дамуына жағымды әсер ететініне сенімдімін.

Тәрбиенің төте жолы – үлгі болу

 

Мақсат Астаубаев, ЖЭО-1 бас инженерінің орынбасары: 

Мақсаттың үш ұлы бар және ол балаларды қалай тәрбиелеу керектігін жақсы біледі. Ол барлық бос уақытын отбасымен өткізеді.

Мақсат қала сыртында үй салып, қазір ауланы абаттандырумен, шаруашылық құрылыстарын салумен айналысуда. Оған үлкен ұлдары көмектеседі.

 

 

Менің ойымша, бала тамақтануды, жүруді және сөйлеуді үйренген сәттен бастап бірден айналысу қажет деп санаймын.- Мен әрдайым балалардың бос уақытын интернет пен гаджеттердің көмегінсіз ұйымдастыра аламын. Бұл табиғатта демалу, футбол, отбасымызбен еліміздің қызықты жерлеріне саяхат. Өйткені, бізде баратын да, көретін де қызықтар жеткілікті!  

Міндетке ие болу

 

Олеся Богданова, Қапшағай ГЭС ғимараттары мен гидроқұрылыстарын пайдалану цехының гидроқұрылыстарының қараушысы:

Біздің отбасымызда бәрін бірге жасау, бір-бірімізге көмектесу әдетке айналған. Сондықтан бірлескен қызмет пен белсенді өмірлік ұстаным – жеті жасар ұлы Максимді тәрбиелеудің негізі. Мен барлық үй шаруаларын Максиммен бірге орындаймын. Ол менің басты көмекшім. Ол көптеген тұрмыстық мәселелерді өз мойнына алды: гүлдерді, ағаштарды суару, шөпті суару. Сонымен қатар, біз бүкіл отбасымызбен балық аулауды жақсы көреміз, бұл біздің отбасылық сүйікті ісіміз. Жолдасым екеумізге баланы теледидардан немесе планшеттен ажыратуға әртүрлі тәсілдерін ойлап табудың қажеті жоқ. Олар бізде тыйым салынбаған, бірақ онымен айналысуға уақыты жоқ.

 

АлЭС қызметкерлерінің балаларының балалық шағы бақытты деп толық сеніммен айтуға болады.