«АлЭС» АҚ 2020ж. 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жария тыңдаулар өткізді

2020 жылғы 24 шілдеде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында «АлЭС» АҚ-ның 2020 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп беру тыңдаулары өтті (25-баптың 6-тармағы).Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды және Алматы қаласындағы карантин режимін ескере отырып, оның шеңберінде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша есеп Microsoft Teams платформасында бейнеконференция форматында өткізілді.

«АлЭС» АҚ 2020 жылғы 26 маусымда «Деловой Казахстан» Республикалық газетінің №24 (721) санында хабарландыру жариялады және реттеліп көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды тыңдауларға қатысу үшін сілтемені өзінің www.ales.kz «Медиа» бөлімі «Компания жаңалықтары» кіші бөлімі интернет-ресурсында орналастыра отырып, уақтылы хабардар етті. Жария тыңдауға уәкілетті және мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер және т. б. қатысты.«АлЭС» АҚ – табиғи монополия субъектісі, компания жылу энергиясын өндіру және суды магистральдық құбырлармен беру жөніндегі табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген, – деп атап өтті есеп беру барысында «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

 

Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтердің бекітілген тарифтік сметада көрсетілетін қызметтер көлемі 5,4 млн. Гкал мөлшерінде көзделген.2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сай, жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 2,8 млн.Гкал құрады, орындалуы 52%. Жылу энергиясын өткізуден түскен табыс мөлшері 9 708,1 млн.теңгені, шығыстар 9 691,6 млн. теңгені құрады. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша пайда 16,5 млн. теңгені құрады.Инвестициялық іс-шараларды іске асыруды ағымдағы жылдың екінші жартысында жүзеге асыру жоспарланып отыр.2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «АлЭС» АҚ «Алматы 2-ЖЭО қайта жаңарту және кеңейту. III кезек.№8 қазандық агрегаты» инвестициялық жобасын қаржыландыру мақсатында жұмсалған инвестициялық қарыз бойынша негізгі қарыздың 2 755,9 млн.теңге сомасын, оның ішінде жылу энергиясын өндіру қызметінен 766,6 млн. теңге мөлшерінде төлем жүзеге асырылды.  2020 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындылары бойынша магистральдық құбыр жолдары арқылы су беру жөніндегі қызметтен көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 13,5 млн. м3 құрады, орындалуы 30,8 млн. м3 мөлшерінде бекітілген көрсеткішке 43,7% - ға орындалды.Химиялық тазартылған суды сатудан түскен табыс мөлшері 756,4 млн. теңгені құрады, шығыстар 799,9 млн. теңге, шығын 43,5 млн. теңге. 2020 жылға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген артезиан ұңғымасы мен 3-ЖЭО су жолдарын күрделі жөндеу 28,3 млн.теңгені құрайды, оны ағымдағы жылдың екінші жартысында жүргізу жоспарланып отыр.Сондай-ақ, баяндамада реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау мәселелері баяндалды, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер қаралды, 2021-2025 жылдардың келесі бес жылдық кезеңіне магистральдық құбыржолдар арқылы су беру қызметтеріне тарифтердің ықтимал өзгерістері талқыланды, басым инвестициялық жобаларды іске асыруды ескере отырып, компания қызметінің келешегі айқындалды.