«АлЭС» АҚ 2020ж. 1 жартыжылдық қорытындылары бойынша реттелетін қызметтерді көрсету бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру 2020 жылдың 24 шілдесі сағ. 16:00 белгіленді.
Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды және Алматы қаласындағы карантин режимін ескере отырып, «АлЭС» АҚ аталған шара ZOOM платформасында онлайн форматында өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Бейнеконференцияға қосылу сілтемесі қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін компанияның www.ales.kz интернет-ресурсындағы «Медиа» тарауының «Компания жаңалықтары» бөлімінде жарияланады.